«Cауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі» пәнінің мақсаттары мен мазмұны



бет1/2
Дата26.09.2022
өлшемі36,5 Kb.
#150720
  1   2
Байланысты:
Cауат ашу


  1. «Cауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі» пәнінің мақсаттары мен мазмұны.

 Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырып қана қоймайды, оның сөйлеуі мен ойлауын белсендіреді. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әр түрлі зат бейнесінің трафареті дайындалады немесе оларды өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретінен зат бейнесін құрастырады. Мұғалім альбомға салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балаларзаттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол»,«шеті», «жоғары», ,«төмен», «түзу»,«қисық», «дөңгелек», т.б. ұғымдарды меңгереді.
Ал сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы талдау процесін атқару деген сөз. Ал мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс - әрекет. Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену, ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазудан меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күннен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементтін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтін басталатын жерінде бітіп, әрі қарай келесі элементіне жалғастырылады. «Үзбей жазуға жаттықтыру жұмыстары балаларға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс»деп бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылықты оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілікті талап етеді. Тәжірибеде қолданып жүрген әр түрлі жаттығулар, айталық, әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттерсалғызу, штрихтау, зат бейнесін әшекейлеу, т.б. тапсырмалар оқушылардың көркем жазу дағдыларының сапасын арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет