Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі Негізгі кезеңдері:
сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеме беру;
мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;
үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;
өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса);
сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;
сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия) беру;
сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау.
Сертификаттау органдары Өнім,процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган-мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.
Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:
үшінші тарапты (әкімшілікті, экономикалық және заңгерлік тәуелсіз) болу;
мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;
құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;
арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;
керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау жүргізу.
Сертификаттау органының негізгі міндеттері:
аккредиттеу шегіндегі және ереже бойынша өнімнің сертификаттау жұмысын жүргізу;
сәйкестік белгіні қолдануға болатын рұқсат қағазын (лицензия) беру;
аккредиттеу аттестатының әрекет күші жойылған кезде қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату;
қызметтің инспекциялық бақылауына жағдай мүмкіндігін жасау;
өз қызметі және өзгерістері туралы ақпараттарды аккредиттеу органға тапсыру;
өтінушінің коммерциялық құпиясына қатысты деректердің жасырындығын сақтау.