Сертификаттау негіздері.Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны. Негізгі түсініктемелер және терминдер
Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.
Сәйкестік сертификат- Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша берілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет, техникалық реттемелер, стандарттар немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат.
Сәйкестік туралы декларация- өнім белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын жеткізушінің (өндіруші, сатушы) Мемлекеттік сертификаттау жүйесі бекіткен құжаты.
Сәйкестік белгісі- Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілгендігін көрсететін, белгіленген тәртіпте қорғалынған белгі.