Ерекшелігі
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы)
және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш
беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен
эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін
астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік,
жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым,
енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде
мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы
жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде
қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш
сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе,
енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа
(күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір
ерекшелігі — жігерлену және
кернеуден босану немесе
шешілу. Бұл да сезімдердің
қарама-қарсы сапаларының
бірі.
09
Эмоция (фр. emotion, лат. emoveo —толғану) —
адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған
ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын
көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі
қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция)
немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция)
байланысты жауап реакциясы.
Эмоция
Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция
үштігін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық
интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым
мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Сол кезеңнен бері адам
эмоциясы мәселесі – аса өзекті тақырып
Қызықты мәлімет
Іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан
Достарыңызбен бөлісу: |