Чилдибаева асел жумагуловна


Іле және Шарын өзендері жайылмаларының



Pdf көрінісі
бет55/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

3.1.4
Іле және Шарын өзендері жайылмаларының 
үш 
популяциясындағы 
R.iliensis
өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің 
морфо-анатомиялық ерекшеліктері 
R.iliensis
өсімдігінің үш популяциясының жағдайындағы вегетативтік 
мүшелерінің анатомиялық құрылысын зерттеу және биометриялық 
көрсеткіштерді талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдай отырып 
мынандай қорытындылар жасауға болады. 
Іле итмұрынының жапырақ тақтасына көлденең кесіндісінде көптеген 
жай және жекелеген жай түкті, созылыңқы пішінді жасушалардан тұратын 
бір қабатты эпидермис тән. Бірінші және екінші популяцияға қарағанда
 
үшінші популяцияда
өсетін 
R.iliensis
өсімдігі қалың түкті.
Эпидермис жасушалары тығыз байланысып, кутикуланың жұқа 
қабатымен жабылған. Эпидермис жасушаларының қабырғалары аздап 
иректелген. Жоғарғы эпидермистің астында екі қатарлы бағаналы мезофилл 
орналасқан, борпылдақ мезофилл жасушалары жапырақ тақтасының 
бағаналы мезофилінің астында орналасқан және борпылдақ құрылымға ие, 
жасушалары ұсақ, ауалық жасушааралықтары көп, шығыңқы және аз.
Үш популяциядан жиналған (Іле және Шарын өзендерінің 
жайылмалары) 
R.iliensis
өсімдігінің
 
жапырақ тақталарының құрылымында 
көбінесе бағаналы мезофилл қабатының астында, жапырақ тақтасының 
орталық бөлігінде орналасқан идиобластар байқалады.
Паренхималық ұлпалар арасындағы идиобластардың көлемі үлкен, 
изодиаметрлік, кейде дерлік шар тәрізді және өзіндік құрылымымен 
ерекшеленеді (8 сурет). 
 


111 
Популяция 1 
Популяция 2 
Популяция 3 
1 – жоғарғы эпидермис, 2 – төменгі эпидермис, 3 – жай түктер, 4-бағаналы мезофилл, 5 – 
борпылдақ мезофилл, 6 – идиобластар, 7- өткізгіш шоқ, 8 – өткізгіш шоқтың склеренхималық 
қабаты 
(үлкейткіші 200)
Сурет 8 - 
R.iliensis
өсімдігінің жапырағының анатомиялық құрылысы
 
Өткізгіш шоқтар коллатеральды, жабық, жапырақ тақтасының 
ортасында орналасқан. Өткізгіш шоқтар склеренхималық жасушалардан 
түзілген жұқа қабаттан тұрады. Жапырақ тақтасының құрылымы біркелкі, 
бірақ 
үшінші популяцияда
өсетін 
R.iliensis
ксероморфты құрылымдық 
белгілерімен ерекшеленеді. Биометриялық мәліметтерді салыстыру кезінде 
көрсеткіштердің айырмашылығы байқалды (23 кесте). 
Бірінші
және 
екінші 
популяциядағы R.iliensis
өсімдігінің биометриялық көрсеткіштері ұқсас, ал 
үшінші популяциядағы
R.iliensis
қарастырылған барлық көрсеткіштер 
бойынша ерекшеленеді. 
Бірінші 
және 
екінші популяциялардағы
R.iliensis
паренхималық жасушаларының қабаттары айқын байқалады.
Сабақты анатомиялық зерттеу кезінде, мынадай ерекшеліктер 
байқалды: кесіндісінде сабақтың пішіні дөңгелек және аздап қабырғалы. 
Көлденең кесіндісінде 
R.iliensis
сабағы келесідей құрылымға ие: сабағы 
сыртынан қалың кутикуламен жабылған, кутикуланың дамуы 
R.iliensis
жеткілікті құрғақ жағдайда өсуімен байланысты.
 


112 
Кесте 23 – 
R.iliensis
жапырақ тақтасының биометриялық көрсеткіштері 
Попул
яция 
Жапырақ 
қалыңдығы, 
мкм 
Эпидермис қалыңдығы, мкм 
Мезофилл қалыңдығы, мкм 
Өткізгіш 
шоқтар 
ауданы, х10-
3мм
2
жоғарғы 
төменгі 
бағаналы 
борпылдақ 
Р1 
551,512±8,666 
10,593±0,736 
9,624±0,524 
82,533±35,629 
102,156±20,356 269,325±79,358 
Р2 
533,254±8,026 
10,119±0,685 
8,965±0,120 
80,317±30,255 
122,118±18,635 298,456±69,876 
Р3 
512,359±8,312 
8,102± 0,233 
6,127±0,124 
65,367±24,211 
98,238±10,451 
231,212±60,639 
Қабығының жасушалары беткі кесіндісінде қатты қалың қабырғалы 
дөңгелек болып келеді. Кутикуланың астында бір қатарлы эпидермистің 
біршама ірі жасушалары, одан кейін колленхималық жасушалардың 2-3 
қабаты орналасқан. Олардың астында 4-5 бірыңғай қатарлы (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет