Чилдибаева асел жумагуловна


Іле және Шарын өзендері жайылмаларының үш



Pdf көрінісі
бет64/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

3.1.4 Іле және Шарын өзендері жайылмаларының үш 
популяциясындағы 
R.iliensis
өсімдігінің тамыр жүйесінің дамуы мен 
топырақтарының ерекшеліктері
Соңғы жылдары жер шарында халық санының артуы және ғылым мен 
техниканың қарқынды дамуы қоршаған ортаға, ең алдымен өсімдіктер 
әлеміне антропогендік қысымның күшеюіне әкелді. Бұл жүктемелер көп 
қырлы, оларға жерді иеліктен шығару (ірі қалалардың ауданын ұлғайту, жаңа 
қалалар, темір жолдар мен автомобиль жолдарын салу, мұнай мен газ айдау 
үшін құбырлар салу және т.б.) пайдалы қазбаларды (түсті және қара 
металдар, көмір, мұнай және газ, уран) өндіруді жатқызуға болады. Бұған біз 


128 
әртүрлі қуаттылықтағы су электр станцияларының құрылысын және 
климаттың өзгеруін қосамыз. Мұның бәрі биологтар мен экологтардың 
алдына жаңа міндет қояды – өсімдіктер популяциясының дамуының тұрақты 
тіршілік ету механизмдерін зерттеу және белгілі бір түрлердің жойылып 
кетуіне әкелетін нақты алғышарттарды анықтау. Популяциялық тәсілдің 
маңызды ғылыми құндылығы бар, ол популяцияларды құрайтын өсімдік 
түрлерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сирек кездесетін 
түрлердің өсуі, өнімділік процесі және ерекшеліктері, көбеюі туралы 
маңызды ақпарат береді. Қазақстан флорасының сирек кездесетін, таралу 
аймағы шектеулі, эндемдік өсімдік түрлерінің бірі - 
R.iliensis, 
Алматы 
облысының Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларында өседі 

167-168].
2019 жылы біз жоғарыда аталған өзендердің жайылмаларынан осы 
өсімдіктің 
үш 
популяциясын 
таптық. 
Барлық 
үш 
популяцияға 
геоботаникалық сипаттама берілді, салыстырмалы аспектіде вегетативті 
мүшелерінің анатомиялық құрылымы (жапырақ, сабақ және тамыр) және 
жапырақтарының, гүлдерінің және жемістерінің фитохимиялық құрамы 
зерттелді. Енді біз үш популяцияда Іле мен Шарын өзендерінің 
жайылымдарында 
өсетін 
R.iliensis
өсімдігінің 
тамыр 
жүйесінің 
ерекшеліктеріне тоқталамыз. Тамыр жүйесін зерттеу салыстырмалы 
аспектіде жүргізілді. 
Сонымен қатар
R.iliensis
үш табиғи популяциялары кездесетін 
өсімдіктер жабынына топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері 
қалай әсер ететіндігін талдау мақсатымен топырағына кесінділер жасап
генетикалық горизонттарына сипаттамалар жүргізілді, олардан химиялық 
анализге топырақ үлгілері алынды. Топырақ үлгілерінің ылғалдылығы мен 
рН мәндері, қара шіріндісінің мөлшері, СО
2
карбонаты, жеңіл 
гидролизденетін азот, жылжымалы фосфор, жылжымалы калий, сіңірілген 
негіздер (Са, Mg, Na, K) анықталды. 
 
R.iliensis
өсімдігінің 
бірінші популяциясы
Алматы-Шонжы тас жолының 
Шарын көпірінен солтүстік-батысқа қарай 3 км жерден Шарын өзені 
жайылмасының сол жақ жағалауынан табылды. Учаскенің теңіз деңгейінен 
биіктігі 629 м. JPS навигаторы бойынша координаттары: N 43031'24,4 "; E 
79
0
15'42,7". Рельефі солтүстікке қарай аздап еңісті жазық. Жайылманың ені 
тар жерде 150-200 м, ал кең жерде 250-300 м. Топырағы аллювиалды-
шалғынды жеңіл саздақты. Генетикалық горизонттар бойынша топырақ 
кесінділерінің сипаттамасы 32 кестеде көрсетілген. 
Жоғарғы А горизонттың қалыңдығы 12 см қарашірік 4,07%, жеңіл 
гидролизденетін азоттың құрамы өте төмен (28 мг/кг), жылжымалы фосфор 
жоғары (36 мг/кг), жылжымалы калий жоғары (480 мг/кг). Сілтілік ортада 
(рН мәні 8,03) 4,52% карбонаттар бар. Катиондық алмасудың сыйымдылығы 
100 г топырақта 23,32 мг-экв құрайды, сіңірілген катиондар арасында 
кальций басым (69,31%), екінші орында магний (24,32%), натрий мөлшері аз 
(6,33%), калий тіпті елеусіз (0,03%) деуге болады. Гранулометриялық құрамы 


129 
бойынша жеңіл сазды ірі шаңды-құмшауытты. Ұсақ құм фракциясы басым 
(50,9%), екінші орында ірі шаң фракциясы (23,4%), балшықты фракциясы 
14,4%, фракциялар қосындысы <0,01 – 23%. 
Кесте 32 - Генетикалық горизонттар бойынша топырақ кесіндісінің 
сипаттамасы 
№ р/с 
Генетикалық 
горизонттар 
тереңдігі 
Морфологиялық белгілері 

А: 0-12 см 
Аллювиалды горизонт: қара-сұр, дымқыл, құрылымсыз, сазды, өсімдік 
тамырлары терең енген. Қарашірік горизонтының қалыңдығы 10-12 см. 
HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі біртіндеп 
жүреді. 

В: 12-40 см 
Иллювиалды горизонт. Қою сұр, алғашқы горизонттан да күңгірт, 
ылғалды, жеңіл сазды, құрылымсыз, құрғатқанда сәл бостау, өсімдік 
тамырлары терең енген. HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. Келесі 
горизонтқа өтуі біртіндеп жүреді. 

С: 40-70 см 
Аналық жыныс. Қара сұр, сазды, құрылымсыз, ылғалды, өсімдік тамыры 
алдыңғы горизонттарға қарағанда әлдеқайда терең емес енген. HCl-дан 
шығатын көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі күрт. 

Д: 70-101 см 
Негізгі жыныс. Ұсақ қиыршық тасты өзенді құм, ылғалды, өсімдік 
тамырлары сирек енген. Түсі бойынша алдыңғы горизонттан дерлік 
ерекшеленбейді. HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. 
Төселмелі төменгі В горизонттың қалыңдығы 28 см қарашірік мөлшері 
күрт төмендейді (0,77%), қоректік заттар да күрт төмендейді: жеңіл 
гидролизденетін азот - 25,2 мг/кг, жылжымалы фосфор – 8 мг/кг, 
жылжымалы калий – 100 мг/кг. Ортаның карбонаттылығы мен сілтілігінің 
СО
2
мөлшері артады (5,51% және рН мәні 8,83 тиісінше). Сіңірілген 
негіздердің қосындысы 8,36 мг/кг дейін азаяды, сіңірілген магний – 58,61%, 
сіңірілген кальций - 41,03% басым болса, сіңірілген натрий мен калий өте аз 
(сәйкесінше 0,12 және 0,24%). Гранулометриялық құрамда ұсақ құмның 
фракциясы 64,8%-ға дейін артады, ірі құм сол деңгейде қалады (23,8%), 
балшықты фракциясы (3,63%) азаяды және фракциялардың қосындысы 0,01 
мм-ден (10,49%) аз.
Сазды горизонт тереңдеп, қиыршық тасты құммен төселген. Топырақ 
тұздалмаған, өйткені ол үнемі таулы тұщы өзен суымен қоректенеді. Мұнда 
жер асты суларының деңгейі жоғары (100 см) және капиллярлар арқылы су 
топырақ бетіне көтеріледі, бұл эффузиялық су режимін құрайды. Жоғарғы 
горизонттағы топырақтың ылғалдылығы 28,3%, профильдің ортасында 24,3-
25,7%, тереңірек 70 см – 10,7%. 
Өсімдік жамылғысы шағанды-талды-бұталы (ass.
Tamarix ramosissima, 
Rosa 
iliensis, 
Lonicera 
iliensis-Salix 
caspica-Fraxinus 
potomophylla

ассоциациядан тұрады. Қалың шағанды орманнан оның барлық жастық 
кезеңдерін жас өскінінен бастап сенильді дарақтарға дейін кездестіруге 
болады. Өсімдіктер жер бетін 100%-ға дейін жауып тұрады.


130 
Өсімдіктің биіктігі 3 м, бұтаның диаметрі 2,5 м, сабақтарының түбінің 
диаметрі 15 см, ал тамыр жүйесінің диаметрі 7-8 см. Мұнда 
R.iliensis
өсімдігінің жер асты өркендерінің қалыңдығы да, ұзындығы да сонша 
өскендіктен аналық өсімдікті табу өте қиын болды. Барлық бұталар 
клондарының ішінен біз ең үлкенін таңдадық және бұл бұта аналық өсімдік 
болуы керек деп есептейміз.
Бұл бұтаның тамыр мойнының ауданы соншалықты өсіп, тіпті өте 
үлкен діңгек пайда болған. Діңгек түбінен әртүрлі бағытта жер асты 
өркендерінің массасы таралады. Олар айтарлықтай мықты, таяз тереңдікте 
көлденең жайылған және кейбір жерлерінен жер үсті сабақтарына бастама 
беретін қосалқы бүршіктері болады. Осылайша, жер асты өркендерінің 
біртұтас желісіне қосылған үлкен клон түзіледі. Жер үсті бұта қалыптасатын 
жер асты өркендерінің буындарынан төмен қарай қосалқы тамырлар кетеді (1 
сызба-нұсқа).
Сызба-нұсқа 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет