140
жағынан, артық ылғалдан, екінші жағынан, күшті көлеңкеден зардап
шеккендіктен гүлдеуі де, жеміс беруі де нашар. Мұнда ол негізінен
тамырсабақтың көмегімен вегетативті жолмен көбейеді.
Жалпы,
R.iliensis
популяцияларын іздестіру және оның қазіргі
жағдайын заманауи ботаникалық зерттеу әдістерін пайдалана отырып зерттеу
жұмыстарының нәтижелері бұл түрдің белгілі бір биіктік пен температура
шегіне дейін өсіп, таралатынын көрсетті. Одан жоғары биіктікте ол өспейді.
Мысалы,
R.iliensis
Алматы-Шонжы тас жолы көпірінен жоғары Шарын
өзенінің жайылмаларында кездеспейді. Бұл
R.iliensis
үшін мұндай биіктік пен
температура режимі шектеулі екенін білдіреді.
R.iliensis
популяциясының
өсіп-өнуіне және таралуына ең қолайлы жер Солтүстік Тұран
провинциясының Шығыс-Солтүстік Тұран провинция тармағына жататын Іле
ойпатының шөлді бөлігі деп есептейміз. Іле қазаншұңқырының шөлді бөлігі
шамамен Алтынемел ұлттық саябағының аумағында орналасқан айқай
құмнан Балқаш көліне дейінгі аралықты алып жатады. Өкінішке орай, қазіргі
уақытта Қапшағай су электр станциясының құрылысына байланысты Іле
өзенінің ортаңғы ағысындағы жайылманың едәуір бөлігін су басқан. Оның
үстіне Қапшағай су электр станциясынан төмен, Іле өзенінің атырауындағы
экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт нашарлап кетті. Атыраудың ірілі-
ұсақты көлдері құрғап, олармен бірге қамысты және өлеңшөпті алқаптары
жойылып, тоғайлы ормандар мүшкіл халде. Негізгі орман түзуші түрлер:
үшкіржеміс жиде (
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht.), түрлі жапырақты терек,
тораңғы (
Populus diversifolia
Schrenk.), тораңғыл (
P.pruinosa
Schrenk.) және
Литвинов терегі (
P.litwinoviana
Schrenk.) ылғалдың жетіспеуінен қурап
қалды. Тұзды топырақтардың ауданы ұлғаюда. Бір сөзбен айтқанда,
шөлейттену процесі Іле өзенінің атырауында ғана емес, жалпы оңтүстік
Балқаш өңірінде де үлкен бетбұрыс алып жатыр. Әрине, бұл көптеген сирек
кездесетін өсімдіктердің, соның ішінде
R.iliensis
популяцияларының
жағдайынан көрінбеуі мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің Бас ботаникалық бағы жағдайында және
топырақты-климаттық жағдайы таралуының табиғи жағдайларымен толық
сәйкес келетін Іле тәжірибелік-ботаникалық бағында және Алматы
қаласындағы бас ботаникалық бағының жағдайында
R.iliensis
өсімдігін
интродукцияға енгізу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, Іле және Шарын
өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, эндемдік
R.iliensis
өсімдігінің
табиғи популяцияларын қорғауға алуды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: