Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет23/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
1.2.7 
Іле 
ойпатының 
ботаникалық 

географиялық 
аудандастырылуы 
Ботаникалық-географиялық аудандастыру бойынша Қазақстанның 
тегістік бөлігі және Орта Азия түгелімен Сахара-Гобий облысының Иран-
Тұрандық облыс тармағына, ал таулы бөлігі Орталықазиялық облыс 
тармағына жатады [163]. Бұл екі облыс тармағының зоналық спектрінде 
бірқатар айырмашылықтар бар. Иран-Тұрандық облыс тармағының солтүстік 
шөлдерін алдымен ортаңғы шөлдер, содан соң оңтүстік шөлдер 
алмастырады. Орталықазиялық облыс тармағында астық тұқымдастарынан 
тұратын шөлді (шөлденген даланы), далалық шөлдер, содан соң нағыз 
шөлдер алмастырады, құрғақшылығы аса жоғары (аридті) шөлмен аяқталады. 
Бұл екі облыс тармағының өсімдіктерінің дамуының биологиялық 
белсенділігінің басталу уақытына қарай айырмасы болады. Иран-Тұрандық 
облыс тармағының солтүстік бөлігінде өсімдіктердің биологиялық 
белсенділігі көктемгі-жазғы-күздік кезеңдерге, ал оңтүстік бөлігінде күздік-
қыстық-көктемдік кезеңдерге сәйкес келеді. Осыған байланысты бұл 
жерлерде өсімдіктердің тіршілік формаларынан эфемерлер, эфемероидтар 
және гемиэфемероидтар кеңінен таралған. Орталықазиялық облыс 
тармағында өсімдіктердің биологиялық белсенділігі жаз айларына сәйкес 
келеді. Бұл жерде эфемерлер мен эфемероидтар кездеспейді, оларды жаздық-
күздік біржылдық өсімдік түрлері алмастырады. 


38 
Иран-Тұрандық облыс тармағы 3 тегістік провинцияға бөлінеді: 
Солтүстік-Тұрандық, 
Оңтүстік-Тұрандық 
және 
Жоңғарлық. 
Бұл 
провинциялар өз кезегінде провинция тармақтарына бөлінеді. Олардың 
өсімдіктер жабынының өзгеруі солтүстіктен оңтүстікке қарай гидрологиялық 
жағдайдың өзгеруіне байланысты. Зона тармақтарын аймақтарға және 
аудандарға бөледі. Бұл жерде бірінші орынға өсімдіктер жабынының 
ерекшеліктері шығады, ол осы аудандардың геоморфологиялық, геологиялық 
жағдайына және топырағына тікелей байланысты болады. 
Оңтүстік Қазақстанның және Орта Азияның таулы аймақтары Сахара-
Гобий шөлді облысының Иран-Тұрандық және Орталықазиялық 2 облыс 
тармағының (Лавренко, 1965) аумағында орналасқан және 3 зоналық 
жолақты 
қамтиды 
– 
суббореальдық, 
суббореальды-субтропикалық, 
субтропикалық шөлдік (Волкова, 1997). Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғар 
Алатауы суббореальды (Солтүстік-Тұрандық) шөлде орналасқан. Біз зерттеу 
жүргізген тауаралық Іле ойпатының жоғарғы таулы бөлігі Жоңғар 
провинциясының анклавына, ал орталық және ең төменгі бөлігі Иран-
Тұрандық облыс тармағының, Шығыс-Солтүстіктұрандық провинция 
тармағына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет