Чилдибаева асел жумагуловна


Жер үсті және жер асты сулары



Pdf көрінісі
бет22/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
1.2.6 Жер үсті және жер асты сулары
Іле өзенінің ең ірі сол жағалық тармағы - Шарын өзені. Ол Алматы 
облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген және Ұйғыр ауданындары 
арқылы өтіп, Іле өзеніне құяды. Үлкен Бұғыты тау жотасын, Сөгеті аңғары 
мен шекаралас шөлді жерлерді, Шарын өзенінің бойындағы «Қызғылт 
қамалдар» аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы 
беткейлерін қамтиды.
Шарын өзенінің ұзындығы 427 км, су жиналатын алабы 7220 км
2

Шарын өзенінің негізгі қайнар көзі Шалкөдесу өзені өз бастауын Кетпен 
жотасының оңтүстік баурайынан алады (1 сурет). Өзен өзінің ортаңғы 
ағысында Кеген болып аталып, Жалаңаш алқабынан кейін Шарын аталады 
[152]. 
Өзен көп салалы, көктемгі су тасқыны кезінде (сәуір-мамыр), онда 
барлық жылдық ағынның 40%-дан астамы жұмсалады. Жазғы су 
тасқынының (шілде-тамыз) қуаты көктемгіден екі есе аз. Судың жалпы 
жылдық мөлшері 25-49 куб м/сек аралығында болады, орташа жылдық 
мөлшері 34,5 куб м/сек. Жылы мезгілде судың температурасы әрқашан жылы 
болады. Сарытоғай шатқалында (Шаған тоғайы) сәуірде ол - 8,2°С, шілдеде - 


34 
17,5°С, ал 0,2°С-қа 5 желтоқсанда ауысады. Желтоқсан айының соңында өзен 
жағалауларын мұз басады, ол ақпанның аяғында - наурыздың басында ериді. 
Өте сирек, шамамен 10 жылда бір рет өзен суы толығымен қатады, бұл кезде 
мұздың максимальды қалыңдығы 35-40 см жетеді.
Сурет 1 - Іле өзенінің ең ірі тармағы Шарын өзенінің сыртқы көрінісі 
Өзен таулардан қатты қарқынмен ағып өтеді, оның арнасы үлкен 
тастармен бітелген, сондықтан жылдам ағын көбінесе үлкен көркем рапидтер 
мен сарқырамаларды құрайды. Өткен миллиондаған жылдар ішінде өзен 
карбон дәуірінің ежелгі шөгінділерінің және магмалық жыныстардың қуатты 
қабаттарын кесіп өткен.
Шарын өзеніне тау беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, 
Қарқара, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке, Темірлік т.б. ұсақ өзендер 
қосылады. 
Мойнақ ГЭС-і мен Бестөбе су қоймасынан өткеннен соң өзен Қулықтау 
сілеміндегі Кетпен тау жотасын шығысында және батысында Күнгей 
Алатауын бір-бірінен айыра, терең арна бойымен ағады. Онан соң 
оңтүстігінде Жалаңаш және Сөгеті алқаптарын басып өтіп, екі алқапты 
айырып тұрған Торайғыр тау жотасының шығысымен айналып өтеді. Шарын 
ауылы аймағында Іле аңғарына шығады да, бірнеше тармаққа бөлініп, үлкен 
атырау түзіп, Ілеге келіп құяды. Өзеннің ұзындығы шамамен 427 км құрайды.
Шарын өзенінің суы Күнгей Алатауының қарымен толығады. Ол 
қыста 12,8%, көктемде 33,8%, жазда 31,1%, күзде 19,3% ағысқа ие 
болады [153]. Өзеннің су жинау ауданы 7310 км

құрайды. Бассейндегі 
мұздықтардың саны 20, ал ауданы 2,4 км
2
, ал бассейннің қату 
коэффиценті 0,0003 м [154].
Іле өзені Қытай жерінде 3 өзеннің (Іле, Күнгес, Текес) қосылуынан 
бастау алып, Балқаш көліне құятын Жетісудағы ең үлкен өзен (2 сурет). 


35 
Оның ортаңғы және төменгі ағысы Алматы облысының аумағы арқылы 
өтеді. Қытай шекарасынан Қапшағай су электростанциясына дейінгі аралық 
Іле өзенінің ортаңғы ағысын түзеді. Қапшағай жасанды су қоймасының 
ұзындығы шамамен 60 км құрайды, ал ені 4-5 км аспайды. Іле өзені 
Қапшағай арқылы өтіп Іле Балқаш маңы ойпатына еніп, ұзындығы 250 км 
шамасында болатын өзінің төменгі ағысын түзеді және Балқаш көліне құяды 
[142].
Сурет 2 - Іле өзені Балқаш көліне құятын Жетісудағы ең үлкен өзен 
Өзен алқабы бір жерлерінде тар, қысыңқы, ал екінші жерлерінде кең 
және өзгермелі келеді. Өзен суының күші мен бағыты үздіксіз өзгеріп 
отырады. Соған байланысты оның әр бөлігінде өзен алқабының құрылымы да 
өзгереді. Бастапқы кезде өзеннің алқабы тұрақты болмайды және оның ағысы 
байырғы жыныстарды кесіп өтіп арнасын өзгертіп отырады. Нәтижесінде 
өзен арнасының көп бөлігін аллювиальды жұқа шөгінділер жабады. Осындай 
өзгерістерден кейін өзен байырғы тұрақты арнаны түзеді. Іле өзенінің 
төменгі және ортаңғы ағысының алқабы кайнозой эрасының үштік кезеңінде, 
тіптен одан да ертеректе мұз дәуірінде өзендерде судың көлемінің артуына 
байланысты, олардың арнасы ауысып және үштік кезеңнің террасаларының 
қайта өзгеруінен, өзеннің қазіргі кездегі жаңа алқабы түзілген. Сол кезде 
көптеген аллювиальды шөгінділер қалыңдап түзілген және қазіргі уақыттағы 
кең дельталар мен жоғарғы террасалар қалыптасқан [155]. 
Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, Қазақстан аумағындағы ұзындығы 
815 км құрайды. Іле өзені бассейнінің жалпы ауданы 140 000 км
2
, оның 7 740 
км
2
– Қазақстан Республикасының территориясында. Өзеннің арнасының ені 
150-300 м дейін өзгеріп отырады. Өзеннің төменгі ағысындағы арнасының 
ені 500-1000 м жетеді. Іленің ең ірі салалары – Шарын және Шелек өзендері 
[156-157].


36 
Іле өзенінің Шарын мен Шелектен басқа, сол жағалауында Түрген, 
Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Күрті және Қаскелең сияқты 
салалары бар. 
Оң жағалауында Іле өзенінің ең ірі салалары Жоңғар Алатауының 
оңтүстік баурайынан ағатын Қорғас (Хоргос), Өсек және Борохудзир 
өзендері болып табылады. Қапшағай шатқалынан шыққан соң Іле өзінің 
суларын Балқаш маңы жазығындағы шөлдермен Балқаш көліне алып өтеді. 
Көлге құя берісте Іле өзені көптеген салаларға, тармақтарға бөлініп, үш 
жүйеге жіктелетін өзен атырабын (дельтаны) құрайды: Топар, Іле және 
Жиделі. Іле өзенінің негізгі қоректену көзі көктем, жаз айларында еріген қар-
мұздың суы және жер асты сулары болып табылады [156, 158].
Іле өзені Балқаш көліне келіп құятын өзен суларының 80%-ын 
қамтамасыз етеді, ал оның 70% Қытай Халық Республикасының 
территориясында қалыптасады. Соңғы жылдары Қытай халық республикасы 
Қазақстанмен шектесетін солтүстік-батыс бөлігін игеруге қатаң күш салуда. 
Соған байланысты Іле өзеніне су электростанциясын салып, каналдар қазып, 
өзен суын бұрып, ауылшаруашылығына тиесілі жерлерді суландыруға 
пайдалануда. Нәтижесінде Іле өзенінің суы азаюда, сәйкесінше Балқаш 
көліне құятын ағын су мөлшері кеміп жатыр. Егер де Қазақстан 
территориясына Іле өзенімен ағып келетін су мөлшері бұдан да азаятын 
болса, Балқаш көлі алдымен екіге бөлініп, батыс бөлігі құрғап, Арал теңізінің 
тағдырын қайталауы мүмкін. Сонымен бірге, трансшекаралық Іле өзені 
арқылы ауыр металдардың иондары, селен, органика, т.б. ластаушы заттар 
ағып келеді [159].
2001 жылғы мәліметтер бойынша, Іле өзені суының құрамында фенол 
мөлшерінің шектелген зиянсыз концентрациясы 5-12 есе, мыс 5-6 есе, 
мырыш 1-1,7 есе, алюминий 100 есе, темір 5 есе және қорғасынның мөлшері 
кей кездері 1,6 есеге артқан [160].
Жалпы Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендердің су 
ресурстарын пайдалану жөніндегі мәселе ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары 
басталған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері трансшекаралық өзендердің 
мәселесін реттеп шешу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 
Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-
Қытай бірлескен комиссиясының 2003-2015 жылдар аралығында 12 мәжілісі 
өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша маңызды уағдаластықтар мен 
нәтижелерге қол жеткізілді. 2014 жылы ҚР мен ҚХР арасында 
Трансшекаралық өзендердегі суды бөліп пайдалану келісімінің жобасы 
бойынша сарапшылар жұмыстарын бастады. Сарапшылардың бірінші 
мәжілісі 2015 жылы наурызда Алматыда, екінші мәжілісі 2015 жылы 
қыркүйекте Бейжің (Пекин) қаласында өтті. Алайда, бірнеше онжылдықтан 
бері Қытай Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы Трансшекаралық 
өзендердегі суды бөліп пайдалану бойынша жүргізілген келіссөздерден 
нақты нәтижеге қол жеткізіп, құжаттарға қол қойылмады [161]. 


37 
Ілe өзeні аңғаpында жep асты суы 0,5-2 м, кeй жepлepіндe 5 м 
тepeңдіктe жатады. Бұл жepдe жep асты суының минepалдануы аpта түсeді, 
кeй жepлepдe 15-212 г/л жeтeді, ал кeй жepлepдe oдан да аpтады. Химизмінің 
типі сульфатты-хлopидті-натpийлі. Әсіpeсe Қапшағай oйпатының маңындағы 
тoпыpақты шөгінділepдің жep асты суының минepалдығы жoғаpы бoлады. 
Oның жoғаpғы су жиналатын гopизoнтының суының қышқылдығы жoғаpы-
тұзды кeлeді, минepалдығы 36-40 г/л жeтeді [134].
Ілe өзeнінің төмeнгі ағысы аңғаpының жep асты суының дeңгeйі жәнe 
oның тұздылығы баpлық жepіндe біpдeй eмeс, көп жағдайда ауытқып 
oтыpады. Өзeннің байыpғы аңғаpының тeгістігіндe жep асты суы тұщы, 
минepалдығы 1 г/л төмeн бoлады, химизмінің типі гидpoкаpбoнатты, ал 
өзeннің қазіpгі кeздeгі аңғаpының жep асты суы біp жepіндe тұщы, eкінші біp 
жepлepіндe ащы кeлeді. Минepалдығының типі хлopидті-сульфатты жәнe 
сульфатты-хлopидті кeлeді.
Қазақстан аймағында Іле өзенінің су ресурстарының 30% қалыптасады. 
Нәтижecіндe өзeн жaғaлaуындa өсімдіктердің өсуіне қолайлы микроклимат 
қалыптасады. Сондықтан өсімдіктер жамылғысы өзен жағалауында басқа 
жерлерге қарағанда қалың, әрі биік болып өседі.
Балқаш маңында Іле өзені 
тармақтарға бөлініп кең дельтамен аяқталады. Іле өзені Балқаш маңының 
негізгі су көзі болып табылады. Ол осы көлге келіп құятын таза өзен суының 
80%-ын құрайды [162].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет