7-сыныпқа арналған тест сұрақтары



Дата05.03.2020
өлшемі24.39 Kb.
7-сыныпқа арналған тест сұрақтары қазақ тілі
1. Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
2.Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
3.Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
4.Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1.
5.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
6.Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Кішірек, көкше.
B) Көкшіл, көктеу.
C) Сұрлау, көкшілтім.
D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
E) Қоңырқай, сұрлау.
7.Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
8.Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
A) Жақсының.
B) Жақсылығын.
C) Айт.
D) Нұры.
E) Тасысын.
9.Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Сен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
E) Көркемсің.
10.Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
11.Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біз екі-екіден бөліндік.
A) Біз.
B) Екі-екіден
C) Әдемі.
D) Бөліндік.
E) Пысықтауышы жоқ.
12.Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
13.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.
14.Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Қарайтынмын.
B) Айтқанмын.
C) Келіппін.
D) Болыпты.
E) Өсіпті.
15.Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
A) Оқушылардың кітабы.
B) Ақырына дейін күту.
C) Алтын сәуле.
D) Ғылымды егеру.
E) Қиялға шомылу.
16.Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.
A) Қазақ әндері.
B) Болашақты армандау.
C) Асан – студент.
D) Гүлдеген ауыл.
E) Мектеп басшысы.
17.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.
A) Айтқан сайын түсіну.
B) Әр түрлі.
C) Астанаға бару.
D) Гүлдердің иісі.
E) Әтір себу.
18.Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
A) Арман үшін аттану.
B) Білімді азамат.
C) Үш дәптер.
D) Биік дәреже.
E) Көлдің жағасында.
19.Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
A) Соңғы қоңырау.
B) Ауылға қайту.
C) Әділ болу.
D) Аяқ асты.
E) Әзер жету.
20.Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
A) Далаға шығу.
B) Ғарышқа сапар.
C) Үйіне қарай кету.
D) Ну орман.
E) Балаларды жинау.
21.Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
A) Дүние үшін талас.
B) Сәбит – жазушы.
C) Алым-салық жинады.
D) Төрт-бес ат.
E) Аман-есен жету.

22.Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.


A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 2.
E) 5.
23.Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Жиналыстан кейін.
B) Қазыбектің жоспары.
C) Қамысты көл.
D) Туыс адам.
E) Орта мектеп.
24.Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Әлия оқыды.
B) Ақ пен қара.
C) Мектепке дейін.
D) Мектепке қарай.
E) Сен отыр.
25.Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Дәркенбайдан сұрасаң етті.
B) Оған телефон арқылы әмір етті.
C) Тас жолды ағаш күрекпен күредік.
D) Сәуле – суретші.
E) Мен поезд арқылы келдім.
26.Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Гүлнар үйретті.
B) Ісімен жақсы.
C) Менің қылығым.
D) Жалт-жалт қарау.
E) Сіз келдіңіз.
27.Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.
A) Білімді қыз.
B) Білім алу.
C) Ойлы адам.
D) Ол келді.
E) Сабақ кестесі.
28.Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Әдейі келдім.
B) Үйдің шатыры.
C) Мұғалім айтты.
D) Мектепте оқиды.
E) Белгілі ақын.

29.Меңгеруді көрсетіңіз.


A) Жолаушылар келді.
B) Мектеп үйі.
C) Сыныпта отыр.
D) Таулы өлке.
E) Үнді шайы.

30.Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.


A) Кірпіш үй.
B) Бес бала.
C) Оқыған қыз.
D) Сөзіне таңғалды.
E) Әдемі әуен.

Қазақ әдебиетінен тест

1. Ауыз әдебиеті үлгісін табыңыз.


А) әңгіме
В) жыраулар поэзиясы
С) роман
Д) лиро - эпостық жыр
Е) қарасөздер
2. Лиро - эпостық жырға тән жырды табыңыз.
А) «Алпамыс батыр» жыры
В) «Ер тарғын» жыры
С) «Қобыланды батыр» жыры
Д) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры
Е) «Өтеген батыр» жыры
3. «Естірту» дегеніміз не?
А) Біреудің елімен, жерімен, өнерімен, өмірімен қоштасқанда айтылатын жыры.
В) Біреудің дүние салғанын соның жанкүйер жақындарына жеткізгенде айтылатын жыр.
С) Біреудің баласы, жанашыр жақыны, сүйген жары, ел қамқоры болған батыры, биі, ханы қайтыс болғанда айтылатын жыр.
Д) Ұзатылатын қыздың ағайын - туыс, ел - жұрт, әке - шешемен қоштасып айтатын жыры.
Е) Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі.
4. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең айтулы нұсқасын жырлаған атақты импровизатор.
А) Жанақ ақын
В) Сүйінбай ақын
С) Жамбыл ақын
Д) Дулат ақын
Е) Мұрат ақын
5. Қарабайдың асыранды қыздары Ай мен Таңсықтың көшкенде қандай жыр айтады?
А) сыңсу
В) тойбастар
С) жар - жар
Д) беташар
Е) қоштасу
6. Сарыбай мен Қарабайдың кездескен жерін табыңыз.
А) Сыр елінде
В) Жетісу жерінде
С) Бетпақдалада
Д) Балталы жерінде
Е) Арқада
7. Жырда Баянды Қозыдан күштеп айырып өзіне алуға әрекет жасаған жағымсыз кейіпкерді атаңыз.
А) Қодар
В) Қарабай
С) Айбас
Д) Сарыбай
Е) Тазша
7. «... Асылы, авторлы өлең - жырлар мен шешендік сөздер ежелгі ауыз әдебиетінің жалғасы және жаңа көркем әдебиеттің бір бастауы болып табылады...» деген пікірді айтқан кім?
А) М. Әуезов
В) Б. Адамбаев
С) Қ. Өмірәлиев
Д) Ы. Дүйсенбаев
Е) Қ. Жұмалиев
8. Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,- дейді
кімнің сөзі?
А) Аяз би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би
9. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
деген жолдар кімге тән?
А) Аяз би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би
10. – Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман.
- Үш дегеніміз үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман...
деген жауап кімдікі?
А) Қазбек би
В) Майқы би
С) Жиренше шешен
Д) Төле би
Е) Әйтеке би

11. Д.Исабековтың шығармасы.

А) Бір атаның балалары

В) Шыңырау

С) Қылау

Д) Ата үміті

Е) Ғажайып планета

12. «Бала Тұрар» үзіндісіндегі Аркаша кім?

А) Тұрардың досы

В) Көрші үйдегі бала

С) Саудагердің баласы

Д) Приходьконың ұлы

Е) Бейтаныс адам

13. Абай оқыған медресе.

А) Ғалия

В) Ауыл молдасы

С) Ахмет-Риза

Д) Уфадағы медресе

Е) Қазан қаласындағы медресе

14. Өлең жолдарының авторы

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

А) Сұлтанмахмұт

В) Мағжан

С) Шәкәрім

Д) Абай

Е) Жамбыл



15.«Атаның әлдиі» өлеңінің авторы.

А) Бұқар жырау

В) Мағжан

С) Шәкәрім

Д) Абай

Е) Жамбыл



16. «Әдебиет – халық өмірінің айнасы» кімнің сөзі?

А) Ы.Алтынсарин

В) Міржақып Дулатов

С) Шәкәрім Құдайбердиев

Д) Мұхтар Әуезов

Е) М. Мұқанов

17. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғысы» келген ақын:
А) Сүйінбай Аронұлы
Б) Дулат Бабатайұлы
С) Сұлтанмахмұт Торайғыров
D) Махамбет Өтемісұлы
Е) Ахмет Байтұрсынұлы
13. «Жай жатсаң, жаңылмайсың, адаспайсың,
18.Күреске кім кетпейді ғапыл, інім» - кімнің өлеңі?
А) Абай Құнанбайұлы
Б) Сұлтанмахмұт Торайғыров
С) Ахмет Байтұрсынұлы
D) Дулат Бабатайұлы
Е) Махамбет Өтемісұлы
19. «Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін!» - қай өлеңнің жолдары?
А) «Шәкірт ойы»
Б) «Шығамын тірі болсам, адам болып»
С) «Бір адамға»
D) «Оқудағы мақсат не?»
Е) «Оқып жүрген жастарға»
20. М.Жұмабаевтың алғашқы өлеңдерінің бірі:
А) «Шолпан»
В) «Сүйемін»
С) «Мен жастарға сенемін»
D) «Алтын хакім Абайға»
Е) «Қарағым»

Қазақ тілі кілті 7-сынып:
1. В

2.С


3.А

4. С


5. D

6. D


7.С

8.А


9. Е

10. С


11. В

12.Е


13.А

14. А


15. C

16. C


17.A

18.E


19.B

20.D


21. B

22. C


23.А

24.В


25. С

26.С


27.D

28. Е


29.С

30. D

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет