Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет29/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
Ұшпа заттарды MSD-SPME әдісімен алу
Микропарлы дистилляция - ұшпа заттардың қатты фазасының 
микроэкстракциясын (MSD-SPME) қолдану арқылы жүргізілді [223]. MSD-
SPME әдісі ұшпа заттардың үздіксіз гидродистиляциясымен бір мезгілде 
қатты фазалық микроэкстракцияны қамтыды. Бұл әдіс ұшпа заттарды 
шығаруға кететін уақытты едәуір қысқартады. Айта кету керек, бұл әдіс өте 
аз мөлшерде өсімдік материалынан ұшпа заттарды шығаруға мүмкіндік 
береді [224-225]. MSD-SPME тандемі, GC-MS/FID әдістері - бұл қарапайым, 
сезімтал, жылдам, еріткішсіз және улы емес, ұшпа қосылыстарды микро-
масштабты деңгейде талдаудың жасыл әдісі. Экспериментте ұнтақталған 
гүлдер (0,3 г) 3 мл сумен бірге 25 мл дөңгелек түбі бар колбаға 
орналастырылды. Колба дистилляция үшін емес, кері ағын үшін орнатылған 
тығын мен конденсаторы бар Claisen дистилляциялық қақпақшамен 
жабдықталған. Бұрандалы тығын (резьбовая заглушка) SPME талшығын 
жинау үшін қолданылды. Ұшпа заттарды алу үшін «көк типті» PDMS-DVB 
талшығымен жабдықталған SPME ұстағышы қолданылды. Бұл талшық 
эксперимент алдында 10 минут 250 ºC температурада сақталды. SPME инесі 
тығынды тескеннен кейін, талшық ине арқылы экспресстелді де, өсімдік 
үлгісінің үстіндегі кеңістікке қойылды. Гүлдің ұшпа заттарын алу уақыты 3 
минутты құрады. Ұшпа заттарды ұстағаннан кейін, SPME талшығына 
қадалған ине шығарылды, содан кейін ине тығыннан шығарылды, содан 
кейін GC-MS/FID талдау үшін қолданылды. Талданған заттарды талшықты 
жабындыдан термиялық десорбциялау 5 минут ішінде бүрку (инжекциялық) 
портына (250ºС кезінде) талшық енгізу арқылы жүзеге асырылды.
Липидтерді экстракциялау және май қышқылдарын дериватизациялау 
Май қышқылдарын талдау хаттамасы келесі кезеңдерді қамтиды: үлгіні 
дайындау, липидтердің жалпы экстракциясы, май қышқылдарының 
метилизациясы және GC-MS/FID әдістерін қолдана отырып, май 
қышқылдарының метил эфирлерін талдау. Липидті экстракция жинағы 
тұқымнан жалпы липидтерді алу үшін пайдаланылды [226]. Липидтер әдетте 
екі еріткішті: липофильді еріткіші мен сулы еріткіші бар, бөлу жүйесін 
қолдану арқылы экстракцияланады. Липидтер хлороформның төменгі 
қабатында тұнса, ал суда еритін қосылыстар метанол - судың жоғарғы 
қабатына көтеріледі. Жиын хаттамасына сәйкес, 0,15 г ұнтақталған өсімдік 
материалы, хлороформ/метанолдан (2:1, в/в) тұратын 3 мл экстракциялық 
еріткішпен гомогенизацияланды. Гомогенизация мен араластырудан 
(завихрения) кейін жиынтыққа 0,5 мл сулы буферлі еріткіш (ВАБ) қосылды 
(құрамын компания ашып көрсетпейді) және үлгі қайтадан араластырылды. 


47 
Содан кейін экстракциялық ерітінді фильтрлі (су ұстайтын) шприцтер 
арқылы басқа ыдысқа құйылады. Бізге органикалық фаза керек 
болғандықтан, сулы фаза сорып тасталады. Элюирленген еріткіште 
хлороформды фаза болады, оның құрамында липидтердің жалпы мөлшері 
бар, ал олардың құрамына тұқымнан алынған барлық липидтер кіреді. 
Жалпы липидтердің 200 µL аликвоты (aliquot) азот ағынының (N
2
) астында 
кептіріледі, кейіннен қайта этерификацияланады. Кептіруден кейін 1 мл 
метанолды бор трифториді ерітіндісі (BF
3
) және 0,3 мл n-гексан қосылады. 
Қоспа 95°C температурада 1 сағат бойы кері тоңазытқышпен жылытылды 
(метилирование). Бұл май қышқылдарын ұшпалы күйге алмастыру үшін 
жасалады. Содан кейін реакция түтігіне 1 мл n-гексан және 1 мл 
дистилденген су қосылып, 500 × g температурада 5 минут ішінде 
араластырылып, центрифугаланды. Нәтижесінде бөліну фазасы жүреді, 
дистилденген су төменгі жағында, n-гексан жоғарғы бетіне шығады. Сосын 
n-гександы жоғарғы қабаты флаконға құйылды да, инъекция арқылы 
еріткішті буландырмай GC-MS/FID жүйесіне енгізіледі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет