Чилдибаева асел жумагуловна


 Геоботаникалық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет27/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
 
2.2.2 Геоботаникалық зерттеу әдістері 
Өсімдіктер қауымындағы фитоценоздардың табиғи жағдайы зерттелді. 
Фитоценоздарға геоботаникалық сипаттама беру жалпы қолданылып жүрген 
тәсілдермен жүргізілді.


44 
Өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін 
популяцияны егжей-тегжейлі талдаулар: кеңістіктік, онтогенетикалық, 
жастық құрылымын, тұқымның жаңаруының тиімділігі және т.б. қолданылды 
[183-190].
Жалпы алғанда, ценопопуляциялық зерттеулер теориялық экологияға, 
ботаникаға, демэкологияға және өсімдіктер физиологиясына үлес қосып қана 
қоймайды, сонымен қатар практикалық бағытқа ие болады. Олар табиғи 
өсімдік ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау жолдарын 
дамытудың биологиялық негізі болып табылады. 
Әрбір ценопопуляциядағы жастық құрылымын зерттеу, оның 
шекаралары жалпы қабылданған әдістермен анықталды [191], модельдік 
трансекталар салынды. Жеке особь ретінде біз генеративті және вегетативті 
тамырланған өркендерді жинадық. Жұмыс барысында жалпы (Nt), 
репродуктивтік (Nr), тиімді (Ne) сандық есептеулер жүргізілді. 
Ценопопуляцияның (ЦП) жастық құрылымы қалпына келтіру индекстерін 
(Iv) анықтаумен сипатталды [192-194].
Ценопопуляция түрлері мен жіктелуін анықтау Т.А.Работнов [195],
Ю.А.Злобин [191], Л.А.Животовский [196] бойынша жүзеге асырылды. 
Зерттелген сирек кездесетін, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің тұқымдық 
өнімділік көрсеткіші Т.А.Работнов [197], И.В.Вайнагий [198-199] бойынша 
особьтардың әртүрлі жастық құрылымдарында анықталды. 
Өсімдік қауымдастықтарындағы түрлік құрамы және өсімдік 
жамылғысы анықталды [200]. Өсімдіктердің қазақша атауларын анықтау 
С.А.Арыстанғалиев бойынша жүргізілді [201].
Популяциядағы өсімдіктердің 
тіршілік күйін анықтау және оған сипаттама беру Т.А.Работновтың [195], 
А.А.Урановтың [202]
әдістемелері негізінде жүргізілді.
Ценопопуляцияның жастық құрамы Т.А.Работнов [203]
және 
А.А.Уранов. [186] әдістері бойынша анықталды. Популяцияның жастық 
күйлерін бөлу А.А.Урановтың ұсынған тәсілі бойынша жүргізілді: Р – 
өскіндер; J – ювенильдік дарақтар; Imm – имматурлық; V – виргинильдік 
немесе жас вегетативтік; G1 – жас генеративтік; G2 – орташа немесе пісіп-
жетілген генеративтік; G3 – қартайған генеративтік; Ss – субсенильдік; S – 
сенильдік; Sc – қурап қалған дарақтар.
Жастық құрамын анықтауда зерттелген әрбір нүктеде 10х10 м
2
трансекталар салынды. Аймақтың рельефіне байланысты 10-20 м сайын 
ауданы 1 м
2
үлгі алаңшалары салынды. Әрбір үлгі алаңшасында зерттеуге 
алынған түрдің барлық дарақтары жастық күйіне байланысты есепке алынды. 
Популяцияның тығыздығы 1 м
2
аудандағы түрдің дарақтар санымен 
бағаланды. Популяциялардың GPS координаттары «GARMIN 60CSx» 
(Garmin Ltd., АҚШ) GPS навигаторының көмегімен анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет