Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет40/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
3.1.2 
Іле 
өзенінің 
жоғарғы 
ағысындағы 
R.iliensis
 
ценопопуляцияларының өсімдіктер жамылғысы мен флоралық 
құрамының ерекшеліктері 
R.iliensis
өсімдігінің 
екінші популяциясы
Алматы-Қорғас автотрассасы 
өтетін көпірге жақын жерден, Іле өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасынан 
табылды. Бұл жер әкімшілік тұрғысынан Алматы облысының Панфилов 
ауданына жатады. Алматы қаласынан қашықтығы 253 км. GPS навигатор 
бойынша координаттары 79°34'46.4" солтүстік ендікте, 43°58'19.8" шығыс 
бойлықта, теңіз деңгейінен 494 м биіктікте орналасқан.
Популяция 
деңгейінде үш ценопопуляция сипатталып жазылды 

256


Бірінші ценопопуляцияның
өсімдік жамылғысы талды-жиделі-бұталы 
ассоциациядан (ass. 
Rosa beggeriana, R.iliensis, Berberis iliensis-Elaegnus 
oxycarpa-Salix caspica
) тұрады. Жер бетін 90-95% өсімдіктер жабыны 
құрайды. Жер бедері солтүстікке қарай көлбеу жазық. Топырағы 


74 
аллювиальды-шалғынды. Өте тығыз тоғайлы орман емес. Өсімдік 
жамылғысында бес ярус байқалды: 
I-ші ярусты биіктігі 7-10 см 
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht., 
Salix caspica
Pall.,
II-ші ярусты биіктігі 300-310 см 
Berberis iliensis
M. Pop., 
Rosa 
beggeriana
Schrenk.,
III-ші ярусты биіктігі 140-150 см 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Apocynum 
lancifolium
Russan.,
IV-ші ярусты биіктігі 70-75 см 
Elymus dahuricus
Turcz., 
Lepidium 
latifolium
L.,
V-ші ең төменгі шөптесінді ярустың биіктігі 10-15 см 
Aeluropus 
littoralis 
(Desf.) Parl., 
Plantago major
L., 
Taraxacum officinale
Wigg. құрайды. 
Мұнда 
Salix caspica
Pall. доминантты түр болып табылады. Ол тоғайлы 
орманның кез-келген учаскесінде, әсіресе жағалау белдеуіне жақын, сандық 
көрсеткіші жағынан өсімдіктердің басқа түрлерінен асып түседі. Ағаштардан 
екінші орынды 
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht. алады. Бұталардан 
Rosa 
beggeriana
Schrenk., 
R.iliensis 
Chrshan., 
Berberis iliensis
M.Pop. және 
Tamarix
ramosissima 
Ledeb. кездеседі. Іле өзенінің алқаптарындағы бұтаның соңғы 
түрі салыстырмалы түрде сирек және жеке экземпляр түрінде кездеседі. 
Сонымен қатар, 
Tamarix ramosissima
Ledeb. мұнда ашық жерлерде және 
едәуір биік (475 см) боп өседі. Бұталы қопалардың арасында 
Phragmites 
communis 
Trin. кездеседі. Ол мұнда өте сирек кездеседі, бірақ 335-350 см 
биіктікке жетеді. Шөптесінді өсімдіктерден 
Elymus dahuricus
Turcz. және 
Apocynum longifolium
Russian. айқын басымдық танытады. Сондай-ақ
Asparagus soongoricus
Iljin., 
Lactuca tatarica
(L.) C.A.Mey., 
Calamagrostis 
epigeios
(L.) Roth. кездеседі, бірақ олардың өсімдіктер жабынындағы үлесі 
шамалы ғана.
Бірінші ценопопуляция шегінде 10х10 м
2
өлшемді трансекта салынды. 
Трансекта шегінде екі бұта, дәлірек айтсақ
R.iliensis
өсімдігінің екі клоны 
кездесті. Бірінші клондағы өсімдіктің биіктігі - 300 см, шығыстан батысқа 
қарай клонның диаметрі - 260 см, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 300 см. 
Екінші клондағы өсімдіктің биіктігі - 300 см, шығыстан батысқа қарай 
клонның диаметрі - 300 см, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 310 см. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет