78
Кесте 9 -
R.iliensis
өсімдігінің екінші популяциясының
жастық спектрі
Кезең
Жастық жағдайлары
Популяция 2
ЦП1 ЦП2
ЦП3
Латентті (алғашқы тыныштық күйі) (Se)
Тұқым
-
-
-
Виргинильді
Өскіндер (P)
-
-
-
Ювенильдік (J)
15
11
6
Имматурлық (Im)
11
10
7
Виргинильдік (V)
27
9
7
Репродуктивті
Жас генеративтік (G1)
20
15
6
Ересек генеративтік (G2)
20
14
4
Қартайған генеративтік (G3)
5
5
4
Сенильді (қартайған, репродуктивті
емес)
Субсенильдік (Ss)
2
2
2
Сенильдік (Sе)
2
2
2
Қорытындылай келе, Іле өзенінің жоғарғы ағысынан табылған эндемдік
түр
R.iliensis
популяциясын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің
нәтижесінде, оның шын мәнінде сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған
өсімдік екендігіне көз жеткіздік. Бұл түр өзен жайылмасында, суға жақын,
ылғалы жеткілікті, күн жақсы түсетін бұталы қопалардың және топталып
өсетін орман ағаштарының шетінде өседі. Қай жерде болмасын оның бір
немесе екі түбін ғана кездестіруге болады. Оның
өзін де іздеп табуға тура
келеді. Өсімдіктер жабынында
R.iliensis
елеулі рөл атқармайды, ол тек
ілеспелі түр ретінде кездеседі. Популяция деңгейінде
Rosa iliensis
Chrshan.
өсімдігінің үш ценопопуляциясына геоботаникалық тұрғыдан зерттеу
жүргізіп, талдау жасадық. Әр ценопопуляциядағы осы түрдің дарақтарының
жастық
спектрін
анықтадық.
Зерттеу
нәтижесі
көрсеткендей
ценопопуляциялардың үшеуінен де
R.iliensis
өсімдігінің өскіндерін
кездестіре алмадық. Ювенильді, виргинильді,
жас генеративті және пісіп-
жетілген генеративті дарақтары табылды. Сенильді және субсенильді
дарақтарын да кездестіре алмадық. Табылған дарақтардың барлығын
тұқымнан өскен деп айтуға келмейді. Себебі бұл өсімдік табиғи жағдайда
негізінен вегетативті жолмен, нақтырақ айтқанда атпа тамырлары арқылы
көбейеді.
R.iliensis
өсімдігінің тұқымы арқылы көбеюін де жоққа шығаруға
болмайды. Бірақ та табиғи жағдайда оның мүмкіндігі жоқтың қасында. Оның
басты себебі, біріншіден, бұл өсімдіктің жұмсақ
әрі татымды жемістерін
піскен кезде торғайлар сүйсініп жейді (бұтаның басында тұрған жерінен), ал
жерге шашылғандарын қырғауылдар мен сүтқоректі ұсақ кемірушілер теріп
жейді. Екіншіден, бірлі-жарым төсеміктердің астында қалып, сақталған
жемістерінен босаған дәндері өскін беруі мүмкін. Бірақ мұндай жас өскіндер
өзен жайылмасындағы қалың ағаштар мен бұталардың көлеңкесінде,
жарықтың жетіспеуінен тез арада өліп қалады. Сондықтан да табиғи
жағдайда
R.iliensis
өсімдігі негізінен вегетативті жолмен,
атпа тамырлары
арқылы көбейеді. Оған осы өсімдіктің тамыр жүйесін зерттегенде толық көз
жеткіздік. Жалпы
R.iliensis
өсімдігінің Іле өзенінің жоғарғы ағысының
жайылмасынан табылған популяциясының жағдайын қанағаттанарлық деп
79
бағалауға болады. Олай дейтініміз,
R.iliensis
өсімдігі бұл жерде жылма-жыл
гүлдеп, жеміс береді. Алайда максимальды гүлдеп, мол жеміс байлап тұрған
өсімдікті кездестіре алмадық. Біздің пайымдауымызша, бұл климатқа және
осы учаскенің теңіз деңгейінен қаншалықты биіктікте орналасқанына тікелей
байланысты болса керек. Іле өзенінің
жоғарғы ағысының жайылмасы
R.iliensis
өсімдігінің ареалының ең жоғарғы шегі болса керек. Сөз жоқ бұл
өсімдік қорғауды қажет етеді. Ол үшін осы Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы
R.iliensis
өсімдігінің популяциясын бақылауда ұстап, оған тұрақты түрде
мониторинг жүргізіп отыру қажет. Үшіншіден, бұл өсімдік түрін
Қазақстанның ботаникалық бақтарында интродукцияға ендіру керек. Бұл
тұрғыдан алғанда, Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бағы және Бақанас
елді-мекеніндегі Іле экспериментальды ботаникалық бағы аса қолайлы болып
табылады. Себебі бұл ботаникалық бақтардың орналасқан жерлері және
табиғи климаттық жағдайы
R.iliensis
өсімдігінің ареалымен дәл келеді.
Жалпы
R.iliensis
популяциясы
аумағының
флорасының
систематикалық құрамы мына төмендегідей (кесте 10).
Кесте 10 - Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасындағы
R.iliensis
кездесетін
өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамы
Бөлім:
Equisetophyta
- Қырықбуындар (Хвощевидные)
Класс:
Достарыңызбен бөлісу: