11. Дубдециллион -10
12. Тредециллион -10
13. Кваттордециллион -10
14. Квиндециллион-10
15. сексдециллион -10
16. Септендециллион -10
17. Октадециллион -10
18. Новемдециллион -10
19. Вигинтиллион - 10
Расында мұндай сандарды біразымыз естіген емеспіз. Цифр терген, цифр түзген ғұламалардың ғажайып қабілеттері әрдайым ойландырса керек. Ондай ойшылдар қазақ топырағынан да көптеп шыққан ғой. Әйгілі Әль- Фарабиден бастау олар атақты академик-математиктер Орынбек Жәутіков, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұхтар Өтелбаевтардың ізбасарлары еліміздің абыройы даңқын асқақтата берері шүбәсіз. Пырақ қанатты көңіл соған сенеді.
Бүгінгі статистер өмірдің барлық саласындағы үздік жетістіктер мен табыстарды, жаңалықтар мен рекордтық нәтижелерді цифр тілімен жеткізуге бейім. Әрине таңдай қақтырар қызықты деректер өте көп. Екінің бірі біле бермейтін төмендегі деректердің қай-қайсысы да назар аудартады,
Құранда 114 сүре, 6288 аят, 77439 сөз, 325743 әріп бар.Алғаш рет кітап етіп бастырған Осман халифа (VII ғасыр). Тұңғыш рет қазақшаға аударып баспадан шығарған Ақыт қажы Үлімжіұлы (1868-1940) және оның ұлдары Ғазез, Мақаш. Толық аударып 1988 жылы Сауд Арабиясында, Түркияда бастырған Халифа Алтай қажы.
Барлық туындыларында сөз қорын пайдалану жағынан қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов әлемдегі ең әйгілі қаламгерлермен қатар тұрады. Тіпті, көбінің алдына түседі екен. Лингвист ғалымдардың есептеуінше ол 17000 сөз қолданыпты. Ал А.С.Пушкин бүкіл шығармаларында 16000 сөз қолданған көрінеді. Осы цифрлардың өзінен-ақ сөз байлығының бағасын анық байқайсыз.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кроссвордты 1982 жылы Роберт Тюрко (Канада) құрастырған. Сөзжұмбақтың жалпы көлемі 82251 тор көзге көлденеңінен 12489, ал тігінен 13125 сөз қамтыпты.
Әлемдегі ең үлкен мұхит-Тынық мұхиты. Оның бетінің ауданы -181 миллион шаршы киллометр, яғни Жер бетінің үштен біріне тең. Ең терең нүктесі 10911м. АҚШ-тың әскери-теңіз кемесінің экипажы 1933 жылы Тынық мұхитта биіктігі 34 метр болатын аса үлкен толқындар құрсауына түсіп, аман қалған көрінеді.
Ағылшындық Гертруд Левандовский деген қыздың жүрегіне жасалған хирургиялық операция 96 сағатқа созылған. Аса ептілік пен төзімділікті талап етер бұл операцияны хирургтер 1951 жылдың 4-8 ақпанында жүзеге асырыпты. Ал үндістандық көз хирургі М.К.Моди 1943 жылдан 1987 жылға дейін 564834 операция жасаған екен.
Есіңізде болсын, әріптердің де салмағы бар. Ғалымдардың есептеуінше, қарындашпен жазылған жалғыз ғана әріптің салмағы -0,00033 грамм. Орташа қатты қарындаш шамамен ұзындығы 55 шақырымдық сызық түсіруге жетеді. Немесе 45000 сөз жазуға болады.
Жағымды, жағымсыз цифрлар.
Рас, цифрлардың жағымды, жағымсызы болады. Бұл-қатып қалған заңдылық доп саналмайтыны баршаға мәлім. Сөйте тұра қалыптасқан ежелгі дәстүр бойынша, қайсыбір халықтардың ырым-жоралғыларына орай кейбір сандар аса қастерленеді.
Мәселен, қазақ халқында 3, 7, 9, 13, 40 сандарын ерекше көрген. 3 пен 7-ні киелі сан деп атаған. 3 жұрт, 3 ұлыс, 7 ата, 5 асыл қасиет т.б. тәрізді тіркестердің айтылуы тегін емес. Сонымен бірге елдегі елеулі оқиғалар мен даңқты даталар да әрдайым ерекшеленіп, ескеріледі. Осы ретте Астананың бойтұмарына айналған Бәйтеректің биіктігі -97м. Елорданың Арқа төріне көшкен жылын білдірсе, «Қазақ елі» монументінің биіктігі -91 м. Тәуелсіздік жылын айғақтайтынын айтқымыз келеді.
Ежелгі жылнамаларда бөлекше құрметтелетін 8 санына Қытай халқының қалай қарайтынын 2008 жылы дүркіреп өткен ХХІХ Бейжің жазғы олимпиадасы куә. Төрткүл әлемнің ең үздік саңлақтары бас қосқан дүбірлі дода салтанатты жағдайда 2008 жылдың 8 тамызында, кешкі сағат 8-ден 8-минөт кеткенде ашылғаны есте. Ал осы тарихи күн-8 тамызда Қытай елінде 310 000 жас жұп некеге отырыпты. Жақсылықтың нышанын бейнелейтін бұл рекордтық көрсеткіш әйгілі «Гиннес» кітабына еніп отыр.
Цифр тағдыр... Осындай түйін жасауға мәжбүрлейтін тікелей адамдар өмірбаянына қатысты бірнеше елең еткізер деректерді айтуға болады. Дүние жүзінде ешқашан қайталанбас жағдайды Клинвудада тұратын Ральф пен Кэролин Камминстің отбасынан ғана іздеуге болады. Осы шаңырақтың 5 баласы – Кэтрин (1952) , Кэрол (1953) , Чарлз (1956) , Клаудия (1961) , Сесилия (1966) бір күнде, яғни 20 ақпанда дүниеге келген. Ықтималдық теориясының заңына сүйенсек, мұндай болжамның өзі 17797577730 жағдайда бір рет қайталануы тиіс екен.
Ал Норвегияда тұратын Хенриксендердің 3 баласы да туған күндерін жиі өткізе алмайтын көрінеді. Өйткені олар 29 ақпанда дүниеге келген.
Қазақ әйелдері арасында биология ғылымдарының кандидаты, тұңғыш докторы, академик Нәйлә Базанованың бүкіл тағдыры 11 цифрына қатысты болғанға ұқсайды-11.11.1911. Көрнекті ғалым 1993 жылы туған айында, туған күні өмірден озған. Украин халқының ұлы кобзарі Тарас Шевченко өмірі де осыған ұқсастау – 9.3.1814-10.3.1861.
Қорытынды.
Калькулятор...Компьютер...ЭВМ... Бүгінгі ғылымның ауқымы да, көкжиегі де кең. Өмірдің өзі сандар мен цифрлардан тұратындай. Тіршілік, құбылыс, жаңалық атаулы бейне математикалық үрдіспен өзгеруде. Кешегі есептегіш таяқшалар мен қарапайым есеп-шоттарды ақылды мәшинелер, электронды аппараттар алмастырған. Қас-қағым мезетте мың- миллион операция орындайтын ЭВМ тетіктерін есеп-қисапты шекілдеуікше шағатын қиялы жүйрік, ойы ұшқыр ұрпақтың дарынды өкілдері ұстаған. Бар тылсымын ішке жасырған сандардың алуан-алуан сырларына қанық боларымыз да анық.
Қолданылған әдебиеттер:
«Мектептегі математика тарихы», авторы Г.И.Глейзер
«Матемтика тарихынан», авторы А.Собалақов
«Егемен Қазақстан», 27 тамыз 2008жыл, 14-бет
Достарыңызбен бөлісу: |