Цифрлық білім беру ресурстарын білім беру үдерісінде қолдану


Using digital educational resources in the educational process



бет3/7
Дата14.05.2020
өлшемі28,39 Kb.
#68065
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абилхасимова статья

Using digital educational resources in the educational process

Abstract

This article discusses the importance of using digital educational resources in the educational process, describes the methodological features, and analyzes the content and structure of the sdgs developed within the framework of the e-learning system project. In addition, the requirements for the CRS, principles, content of packages and methods of its application are presented.

Keywords: Digital educational resource, e-learning system, electronic textbook, information technologies.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (бұдан әрі – ЭОЖ) қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр. [1]

Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолданылып келеді. Қазіргі таңда мемлекет ұсынатын қызметтердің көпшілігі электрондық тәсілмен көрсетіледі. Бұл орайда шалғай өңірлерге де тарала бастаған электронды үкімет – e-gov желісінің рөлін атап өту керек. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес цифрлық ресурстарды ұлғайтуда үстіміздегі жылы білім берудің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдар желісімен біріктіру қолға алынып жатыр.

Білім және ғылым мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық күш-қуаты өркендеуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ендіруге септігін тигізіп, жастарды қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға қажетті керекті білімдер мен дағдылармен қамтамасыз етеді. Ernst&Young халықаралық компаниясының зерттеу мәліметі бойынша мемлекеттің білім мен экономикасының арасында тікелей байланыс байқалады. Мәселен, бастауыш білім берумен қамтылуды 1 пайызға арттыру мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,35 пайызға көтереді. Жоғарғы сыныптарды оқыту мерзімін бір жылға көбейту мемлекеттің жалпы ішкі өнімін 0,44 пайызға арттырады. Ұзақтығы 10 жылға созылатын білім берудің стартегиялық бағдарламаларын іске асыру мемлекеттің ішкі жалпы өнімін 5 пайызға көбейтеді. Бұл ретте орташа баллдан 5 балл жоғары алған мемлекет еңбек өнімділігін 2,5 пайызға және жалпы ішкі өнімді адам басына шаққанда 1,5 пайызға арттыра алады. [2]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет