Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі – ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. [3]
Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары – бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Стандарттағы жалпы талаптар:
Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;
Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;
Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;
ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.
Цифрлық білім ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар:
Ғылымилық қағида бойынша:
оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;
пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;
оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.
Түсініктілік қағидасы
оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.
оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
Көрнекілік қағидасы бойынша:
Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;
Оқу материалын барынша көрінерлік ету.
Жүйелілік қағидасы бойынша:
ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.
Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:
пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.
оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.
оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.
шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша:
Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.
ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.
Аталған педагогикалық талаптардан басқа Интерфейстің бір түрлілігі, яғни жазбалар, анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану, пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б. дизайн-эргономикалық талаптар да қарастырылады. Сондай-ақ, стандартта ЦБР-ға қойылатын техникалық талаптар, декларация құрылымы мен ресурстың сипаттамасы және де ресурстардың рұқсат етілген форматтары да берілген. [4]
Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты таңдай білген жөн. Біздің елімізде ең ауқымды ЦБР топтамасы Ақпараттандырудың Ұлттық орталығының www.nci.kz сайтында орналасқан.
ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер - мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу.
Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу:
жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу;
пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы;
ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру;
бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;
шығармашылық тапсырмаларды даярлау;
цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау;
Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу.
Сабақ барысындағы көмек:
мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау;
лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану;
оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу;
сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары;
Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу:
материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы;
Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры;
Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі;
Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу;
Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |