Цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы ролі


Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері



бет2/11
Дата10.07.2022
өлшемі70,01 Kb.
#147375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Аралық сұрақтары жауабы
комп арх лекц 1-15
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін мұғалімдердің іс-тәжірибелерін қолдануда оқушыға берер төмендегідей тиімділіктері аңғарылды:
- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;

- өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;


- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
- ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы зор.
Компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде мектептердегі оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің шығармащылық әлеуетінің артуына жол ашады.
Цифрлық технологиялар - зерттелетін құбылыстардың, объектілердің, үдерістердің тек сыртқы сипатын ғана емес, олардың ішкі мәнін, сондай-ақ, табиғаттың және қоғамның жеке құбылыстары арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді, білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Қазіргі таңда цифрлық технологияларды қолдану – мұғалімнің оқушыларға көп материал беру емес, нақты меңгерте отырып, нақты тірек –сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.
Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі-бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, жан-жақты көріністер қабылдау, сөздік-логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылады.
Цифрлық технологиялар арқылы оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал ретінде пайдалану арқылы танымдық қызығушылықты арттырудың мүмкіндігі жоғары деп санаймыз. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет