Цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы ролі


еGov порталы ұсынатын мүмкіндіктер



бет11/11
Дата10.07.2022
өлшемі70,01 Kb.
#147375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Аралық сұрақтары жауабы
комп арх лекц 1-15
еGov порталы ұсынатын мүмкіндіктер
Жеке кабинет (my.egov.kz) – бұл әр түрлі мемлекеттік деректер қорынан жиналған пайдаланушы туралы жеке ақпарат бар eGov.kz электрондық үкімет порталының бөлімі.
Жеке кабинетке кіру тек порталдың пайдаланушысында ғана болады, бұл ретте толық құжаттаманы қарау үшін ЭЦҚ көмегімен авторландыру талап етіледі. ЖСН/пароль арқылы немесе SMS-код арқылы кірген кезде дербес ақпаратқа қол жеткізе алмайсыз.
Егер Сіз порталда әлі тіркелмеген болсаңыз және Жеке кабинетті көрумен қатар, онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді алуды бастағыңыз келсе, алдымен "ЭЦҚ алу немесе қайта шығару" бөлімінде "Порталда алғаш рет" пайдалы материалымен танысыңыз. Сол жерден сіз ЭЦҚ алу және порталда тіркелу туралы біле аласыз.
Жеке кабинеттегі дербес құжаттамада қандай ақпарат бар

  • Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер: олардың нөмірлері мен қолданылу мерзімі;

  • Тіркелген мекенжайы және туған жері;

  • Жүргізуші куәлігінің нөмірі мен санаты, егер ол бар болса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі;

  • Неке қию туралы мәліметтер: тіркелген күні мен орны, жұбайының/зайыбының Т.А.Ә. және ЖСН, жұбайының қыз кезіндегі тегі;

  • Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді алушының мәртебесі (бар болған жағдайда);

  • Мүліктің, жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда): оның мекенжайы және кадастрлық нөмірі;

  • Егер бар болса, заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтер;

  • Автомобиль туралы деректер;

  • Қызмет түрлері бойынша лицензиялардың болуы;

  • Борышкерлер тізілімінде болуы немесе болмауы;

  • Медициналық ұйымға тіркелу туралы ақпарат: емхананың атауы, учаскелік дәрігердің Т.А.Ә., тіркелген күні және тіркелген учаскенің нөмірі;

  • Дара кәсіпкердің мәртебесі (бар болған жағдайда);

  • Балалар туралы мәліметтер: аттары, ЖСН-рі, туған күндері (сіздің балаңыздың ЖСН-ін АХАЖ ақпараттық жүйесіне қосу үшін баланың актілік жазбасында ата-анасының ЖСН-рі болуы тиіс);

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша мәліметтер;

  • Балабақшаға кезек нөмірі

  • Тұрғын үйге кезек туралы мәліметтер;

  • Өтелмеген әкімшілік айыппұлдардың болуы немесе болмауы;

  • "E-Қызмет" АЖ мемлекеттік қызмет мәртебесі туралы мәлімет.



Аралық сұрақтары :

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет