Цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы ролі



бет1/11
Дата10.07.2022
өлшемі70,01 Kb.
#147375
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Аралық сұрақтары жауабы


1

Цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы ролі
Бүгінгі таңдағы цифрлық қоғамда оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Электронды орталарды интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу әдісін қолдануға болады.
Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығының артқандығы байқалады.
Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс жүргізгендей болады. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту процесі ұтымды болады.
Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: бастауыш сыныптарда дүниетану, математика пәндерінде, жоғары сыныптардың физикадан, химиядан құралдар жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын бақылауда және оқушының танымдық ізденісін туғызады. Электрондық орта арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады, сабақтың сапасын арттырады.
Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Қорытындылай келе, цифрлық білім беру - бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы техниканың озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда орны айырбасталмас нәрсе.



2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет