Оқылым дағдысы (мәтінмен жұмыс)



Дата13.12.2016
өлшемі78,08 Kb.
#3806
Оқылым дағдысы (мәтінмен жұмыс).

  Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда шет ел азаматтарына тіл үйретуді тиімді ұйымдастыру және іске асырудың түрлі аспектілері қарастырылып, осы пәнді оқытудың мақсаты, принциптері, мазмұны мен әдістемесі, мәселелері, тілдік әрекет түрінде оқыту талабы алға тартылады.

Біз кеңінен оқу үрдісінде қолданып жүрген қатысымдық технология негізінен оқу материалын меңгеруге, тіл үйренушінің тұлғасына, оқытушы мен тіл үйренушінің ынтымақтастығына бағытталу арқылы оқу мақсатының жүзеге асырылатынын білеміз.



 Сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынады. Олардың барлығы сөйлеуді меңгеруге тікелей қатысы бар жағдаяттар болып табылады.

Мәтінмен жұмыс – модульдік оқыту технологиясының бір құрылымдық бөлшегі.

Мәтінмен жұмыс жасау - қазақ тілі сабақтарындағы оқылым дағдысының негізі. Сондықтан бұл технолгияның ерекшелігі тіл үйренушілердің шығармашылық жұмыспен қамтылуы. Сөздікпен жұмыс кезінде тіл үйренушінің шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін сөйлемдерге айналдыру, сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс кезінде өз ойын сурет не тірек сызбалары арқылы жеткізуіне болады. Мәтінмен жұмыс – сабақта өткізілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.

Олар:

- дыбыстармен жұмыс;

- сөздікпен жұмыс;

- тіл дамыту;

- сөздік қорларын жетілдір;,

- ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Осы технологияны пайдаланудың тиімділігі мынада:

- тіл үйренушінің пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

- тіл үйренушіні шығармашылық жұмысқа баулиды;

- оқытушының уақытын үнемдейді;

- қосымша мәліметтер береді.

Мәтінмен жұмыс істеу бірнеше кезеңдерден тұратынын білеміз:

1.Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізу:

- мәтін тақырыбының аталуы;

- мәтінде айтылған ой;

- мәтінге ат қою.

- мәтіннің негізгі сөздері беріліп, мәтіннің мазмұнына сай логикалық ретімен орналастыру.

2.Мәтіннің лексикалық құрамы:

- мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін жазу;

- кәсіби сөздерді көшіру;

- сөз мағыналарының түрі;

3.Мәтіннің грамматикалық сатысы:

- мәтіннен етістікті табу;

- мәтіндегі кәсіби сөздерді сөз құрамына талдау;

- құрамалас сөйлемдерді тауып, олардың түрін анықтау.

4.Мәтіндегі фонетикалық иірімдер:

- мамандыққа байланысты сөздерді сызба арқылы талдау;

5.Мәтін бойынша шығармашылық жұмыс:

- мәтінді диалог, сұқбат түріне ауыстыру;

- мәтін бойынша мазмұндама жазу;

- мәтін бойынша тест сұрақтарын құрау;

- мәтінді әңгіме түрінде әңгімелеп беру.

Сонымен қатар мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдану оқытушының жеке зерттеушілік жұмыстары үшін өте пайдалы: 
1. Дауыстап оқыту арқылы – тіл үйренушінің сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – тіл үйренушілер бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады. 
2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты тіл үйренушілердің шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: тіл үйренушілерге іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Осылайша тіл үйренушілердің оқу шапшандықтарының мөлшерін оқытушы өзі белгілеп отырады. 

Өзге тілді аудиторияға қазақ тілін үйретуде берілетін мәтін аудиториядағы тіл үйренушілерге арнайы дайындалуы қажет. Мәтін танымдық бағасы бар, тіл үйренушілердің тілді игеруіне көмектесетін, бұрыннан таныс мәліметтердің енгізілуін, тілді игеру деңгейіне сәйкес тіл үйренудегі қиындықтарын ескере отырып таңдалынып алынуы немесе құрастырылуы қажет.

Мәтіндерге тіл үйренушілерге бұрыннан таныс мәліметтерді енгізу олардың мәтінді игеруіне, мәтін мазмұнын тез есте сақтауына ықпал етеді. Тіл үйренушінің мәтін тілімен жұмыс істеуі қиындық келтірмеу үшін оқытушы мәтіндегі бұрыннан таныс емес лексикалық және грамматикалық материалдарды қарап, түсінуге немесе түсіндіруге қиыншылық тудыратын жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ауыстырып немесе алып тастап отыруы қажет. Алдымен тыңдалып алынған мәтінді тіл үйренушінің түсінгенін тексеру үшін сұрақ-жауап алдын ала дайындалып, тыңдалып, сөздікпен жұмыс істелінгеннен кейін қойылады Оқытушының таңдап алған немесе құрастырған мәтіндері мазмұны жағынан қызықсыз қарапайым, мәліметтері жоқ болып келгеннен гөрі мәтін қиындау болса да мазмұны терең, қызық мәтіндерді түсініп, тез есте сақтай алатынын байқауға болады. Сондықтан тіл үйренушілерге берілетін мәтін тіл үйренушіге қызығушылық туғызатын, мағыналы мәліметтері мол болып, өзге ел туралы, мәдениеттану түріндегі мәтіндер болу керек. Нақты сөйлеу әрекеттеріне қатысты тіл үйренушінің потенциалды сөздігін дамытуға бағытталған тіл үйренушінің лексикалық қорын толықтыратын арнаулы жаттығуларға ерекше назар аудару керек. Басқаша айтқанда, конверсия, сөзжасам ережелерін білуге негізделген лексикалық жаттығуларды орындай отырып, тіл үйренуші сөздің негізгі мағынасын қайта түсіну, сонымен қатар, аудара алу керек.

Тіл үйренушілердің тілдік білімін, әсіресе көп жағдайда лексикалық білім көлемін кеңейту, толықтыру тәжірибесінде тіл үйренушілер назарын мәтіннің тілдік элементтеріне аударуға бағытталған ( жаңа сөздерді көшіріп жазу, сөздерді табу, сөздерді немесе модельдерді белгілі ерекшелігіне қарай оқшаулау, сөзді қолдануға болатын жағдаят

келтіру немесе т.б.) тілді үйрету үдерісінде барынша кең тараған жаттығулардан көрініс табады.

Тіл үйренушілерге тілдік материалды меңгерту мақсатындағы жаттықтыру қызметі түрінің іске асуы мәтіннің өзін немесе оның жекелеген бөлімдерін мазмұндау бағытындағы түрлі тапсырмалар арқылы жүргізіледі. Мысалы: оқытушы сұрақтарына жауап беру (бұл ретте оқытушы сұрақтары тіл үйренушінің белгілі бір тілдік бірліктерді қолдана отырып жауап беруін мақсат тұтады), мәтінді жаттау (әсіресе мәтін диалогтық мәтін болса), мәтінге ұқсас тапсырмаларды белгілі бір тілдік бірліктерді қолдана отырып мазмұндау және т.б.

Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту қызметінде тыңдалған немесе оқылған мәтін мазмұнын мазмұндаудың алуан түрлі формалары қолданылады (өз сөзімен мазмұндау, жекелеген бөлімдерді әсерлі ете мәнерлеп айту, мәтінді толықтыруға арналған қосымша үзінділер, элементтер ойлап табу, мәтінді әрі қарай жалғастыру, мәтінді қозғалған жекелеген мәселелер бойынша сұхбат жүргізу, сөз сөйлеу және т.б.)

Мәтінді мағыналық тұрғыдан ұғынуды, дамыту қызмет (оқылған немесе тыңдалған мәтінді түсіну дағдысын жетілдіру) түрінің жүзеге асуына қабылданып отырған мәтінді түсіну дәрежесін тексеру немесе оның құрамындағы ұғыну үдерісін жеңілдететін және осы орайда кездесетін түрлі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін түрлі мағынаның және формалық элементтерді ерекшелеуге, оқшалауға бағытталған сан-алуан тапсырмалар қызмет етеді.

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, қазақ тілі сабағында

жаңа мәтінді өтер алдында тіл үйренушілерге жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Оқытушы тіл үйренушілерге таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды тіл үйренушілерге түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде тіл үйренушілер білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы тіл үйренушілерге мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.

Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, тіл үйренушілердің шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық үдерістегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы тіл үйренушілердің іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Тіл үйренушіні жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, оқытушы қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында оқытушы тіл үйренушілердің білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы тіл үйренушілер өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме тіл үйренушілерден теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Тіл үйренуші өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында оқытушы сұрақты бір тіл үйренушіге (жеке әңгімелесу) немесе барлық топтағы тіл үйренушілерге (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі – тіл үйренушімен әңгімелесу. Оны топпен тіл үйренушілердің жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары деңгейдегі тіл үйренушілер өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, оқытушы ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.

Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен қазақша сөйлеуге үйрету немесе қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру

мақсаттарын көздейтіндіктен тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1. 
2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі 
3. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет