Жағдаят тақырыбы «Шындық» Жағдаят мәтіні



бет1/8
Дата06.09.2022
өлшемі32,17 Kb.
#148804
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагогикалық кейстер 7
Бут академическое письмо, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, №7 ШЖМ, жарат, жарат, жарат, ОПИСЬ 2020-2021, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, жарат, жарат, ibraimova-kazak-otbasy, 500 әдіс-тәсіл

Кейс №1

Жағдаят тақырыбы

«Шындық»

Жағдаят мәтіні

«Айдын дәлізге шығып, жазбай қалған қаламын арлы- берлі сілкілеп қалып еді, жақында ғана сырланған қабырғада сия дақтары пайда бола қалды. Музыка пәнінің мұғалімі байқап қалып, сия жағылған қабырғаны жуып, кетіруді талап етті. Айдын ашулана бар күшімен сия дақтарын кетіре бастады. Сия дақтары кеткенімен, қабырғаның басқа бөлігінен ерекшеленіп орны қалып қалды. Қабырға тегіс болу үшін толық жуып шығу керектігін түсініп, жуа бастады. Осы сәтті сынып жетекшісі байқап қалып: - Сәуле апайға көмектесіп жатырсың ба?- деген сұрағына қалай басын изеп қалғанын байқамады. Оның өтірік айту дағдысы 3 нші сыныптан байқала бастаған болатын.
Шындықты айтқысы келген, бірақ солай болып қалды...
Сынып жетекшісі болған жағдаймен таныс болғандықтан Айдынның өтірігіне ренжісе де үнсіз қалды. Бірақ, бірнеше күннен соң сынып сағатында: - біз Айдынды мақтан тұтуымыз керек ол өткен аптада еден жуатын Сәуле апайға көмектесті деп сыныптың алғысын білдірді.
Айдын сыныптастарының өзіне деген ризашылығымен құрметін көрсеткен көзқарастарын байқады. Бірақ сынып жетекшісінің көзқарасынан одан да басқа жағдайды біліп тұрғанын сезді.
Ол орнынан қалай тұрғанын байқамай – менде көмектесетін ой болған жоқ еді деп шындықтың бетін ашты.
– Мен сенің адал адам екеніңе үнемі сенетінмін. Ал осы сәттен бастап сенімім күшейе түсті. Сен тек шындықты айтатын болсаң мына балалардың барлығы сені құрметтейтін болады деп апай сөзін аяқтады.
Үйіне қайтар жолда: тағы да не істеуге болады екен, балалардың алдында шындықты айтып, манағы басынан өткерген бақытты сәтті қайта сезінгісі келіп» .

Мәтінге қойылатын сұрақтар

  1. Сынып жетекшісінің іс әрекетін бағалаңыз.

Жағдаят шешімі



Сынып жетекшісі дұрыс шешім қабылдады. Ол баланың теріс әрекетін ұрандап, жар салып жариялаудың орнына , балаға өз қателігін түсініп, түзелуіне мүмкіндік берді. Үнемі өтірік айтқаннан, шындықты жариялап кешірім сұрау арқылы, өз қателігін саналы түрде түсінуіне және болашақта қайталмауға ықпал етті. Сонымен бірге бұрынғы айтқан өтіріктері бойынша да сынып алдында мойындап, адал болудың жолдарын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет