Толық емес отбасы. Соңғы кездері 15 жасар ұлы мен анасының арасында түсініспеушілік жиілеп, қарым- қатынастарына сызат түсті. Ұлы үйіне масаң күйде және өте кеш келеді, анасының ақылын құлаққа ілгісі де келмейді. Оның достары мен құрбы қызы ішімдікке қарсы емес. Анасы ішімдікке құмар достары мен құрбы қызына қарсы әрекеттер көрсетіп, нәтижесінде анасы мен ұлының қарым- қатынасы шиеленісе түседі.
1. Бірінші кезекте әлеуметтік педагог қандай әрекет жасау керек?
2. Осы отбасының мәселесі бойынша қандай іс- шаралар атқару керек?
3.Қандай әдіс- тәсілдер арқылы балаға ықпал етуге болады?
Жағдаят шешімі
1. Тәрбие беру барысында әлеуметтік педагогта көмек қолын созуы тиіс. Бірінші кезекте, анасымен кеңес өткізу арқылы шешім жолдарын қарастыру керек. Есте ұстанатын басты жағдай отбасылық түсінішулікті қалыптастыратын, тәрбие беру мүмкіндіктерін жетілдеретін шешім жолдарын қарастырады.
2.Бала мен ананың арасындағы өзара бірлескен іс әрекеттің маңыздылығын түсіндіре отырып, жеткіншек кезең дамуының ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бала тәрбиелеуде педагогикалық кеңестер ұсынады. Отбасына қатысты заңдармен ақпараттандырады; отбасындағы тұлғалық қарым - қатынас барысы жайында; жеткіншектің дұрыс тәрбие алып, қалыптасуына байланысты әдіс тәсілдерді ұсынады.
3.Әлеуметтік психологиялық қолдау мен коррекция бағытында жұмыстар атқарады. Отбасындағы қысқа уақыттық дағдарыс бойынша жағымды микро климат орнатуға қолдау жасайды. Баланың құқығын қорғау конвенциясы негізінде қолдау көрсету амалдарын тиімді ұсыну қажет.