Жағдаят тақырыбы «Шындық» Жағдаят мәтіні



бет5/8
Дата06.09.2022
өлшемі32,17 Kb.
#148804
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагогикалық кейстер 7

Кейс №5

Жағдаят тақырыбы

«Вундеркинд»



Жағдаят мәтіні

Баланың қабілеті орташа болғанымен, ата - анасы оны «вундеркинд» етіп шығаруды мақсат етті. Оның әр күні қатаң күн тәртібімен белгіленген: ағылшын тілі, тоғызқұмалақ, робототехника, менталды арифметика, тіпті балабақшадағы күндізгі ұйқы уақытында спорт үйірмесіне апарады. Үйде маңызды классикалық музыкаларды мәжбүрлеп тыңдатады. Ол баланың тіпті ойнауға да уақыты жоқ. Педагогтардың ескертулеріне ата- ана құлақ аспайды, барлығын баланың болашағы үшін орындап жатқандығын айтып ақталады.

Мәтінге қойылатын сұрақтар

Баланың алаңсыз балалық шаққа көшуіне қалай көмектесу керек?

Жағдаят шешімі



1. Психологтың көмегімен баланың дамуы үшін қандай аргументтер тиімді екенін анықтау керек.Барлығы өз уақытымен болғаны дұрыс, оны мәжбүрлеп ұнамайтын істерімен айналыстыру қате нәрсе, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде бала ойын әрекеті арқылы қоршаған ортаны таниды, өзінің тең құрбыларымен еркін араласу арқылы қалыптасып, дамуы керек. Бала егер мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынын қандырмаса маңызды психикалық ауытқулар туындауы мүмкін. Психолог ғана ата - анасымен әңгімелесіп, баланың қабілетін айқындайтын диагностикалық әдістер жүргізіп, нәтижесімен баланың қабілеті мен мүмкіндігі жайында ақпарат бергені дұрыс. Шамадан тыс баланы зорықтырудың салдарын да талдап, көрсетіп берген дұрыс.
2. Ата- анасы расымен де балаға ең жақсы нәрсені тілейді. Дегенмен психологтан келіп кеңес алғысы келмеуі де мүмкін. Ондай жағдайда керісінше бастаған дұрыс сияқты: баласына қаншалықты уақыт бөлетіні, оның болашағы үшін бар жағдайды жасап жатқандығы жайында оларды мақтай келе, бірақ баласының сабақ үстінде ұйқысы келетіндігін, соңғы уақыттары шаршап жүргенін жиі байқайтындығын жеткізу керек. Бұрынғы тәрбеленуішілерінің бірін осылай сіздер сияқты жан жақты дамытуға белсене араласқандығын, бірақ, бірінші сыныптың бағдарламасын толық білетіндіктен оған қызықысыз болғандығын, бір айдан соң оны екінші сыныпқа көшіріп жібергенін, ондағы балалар өзін ересек ұстап, онымен қарым қатынасқа түскісі келмегенін, шеттетіліп қалғанын айтады. Ата- ананың амбициялық жоспарларын орындау балаға қиын болғанын жеткізе келе. Сіздерде ондай жағдай болмайды деп сенемін деген пікірлерді жайлап білдіру керек....




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет