Айнұр, 4 жаста. Балабақшаға 3 жасынан келіп жүр. Бейімделу кезеңі ұзақ болғанымен (екі айға жуық) ортаға сіңісіп кетті. Белсенді, қимыл қозғалысы шапшаң қыз. Топта көшбасшы болып танылғанымен, барлығын күшпен орындатады. Топта бірнеше құрбы қыздары болғанымен, олармен де жиі жанжалдасып қалады. Туындаған жанжалды ата-ананың немесе тәрбиешінің көмегімен шешеді. Толыққанды отбасында тұрады (әкесі жағынан болып келетін әжесімен). Ата- аналарының баламен қарым- қатынастары өте күрделі, қыздың анасы мен әжесінің арасында жанжал жиі туындайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешілері Айнұрдың агрессиялық деңгейі жоғары және эмоциялық көңіл күйінің тұрақсыздығына жиі шағымданады. Ол балалардың кез келгенін итеріп немесе ұрып жібереді, одан қалса тістеп алады, күтпеген жерден долданып, айғайлап жылауы да мүмкін. Ата - аналарымен әңгіме жүргізгенде: оның агрессиясының пайда болғанына бір жылдың көлемі болған. Үйде ата - анасының біреуі немесе әжесі ескерту айтса оларды да ұрып жіберуден тайынбайды. Бірақ өзін ұруға жол бермейді. Ата - анасына өз дегенін орындатуға тырысады: бақырып жылауы мүмкін, басын қабырғаға ұрады, ойыншықтарын шашады. Мұндай жағдайда ата - анасы оны елемеуге тырысқанымен, әжесі барлық амалдарды қолданып оны тыныштандыруға әрекет етеді.
Мәтіннің негізгі болжамдары
Жеке тұлғалық - эмоциялық бұзылыстар (агрессия деңгейінің жоғары болуы, эмоциялық фонның тұрақсыздығы);
Баланың мінез құлқының бұзылуына себепші ата - анасының тәрбие берудегі деструктивті стилі;
Балада 3 жас кезеңінен басталған созылмалы дағдарыс.