Күтпеген жерден 7 нші сынып оқушыларын картоп жинауға жіберді. Мектеп жоспары бойынша науқанға көмектесу кезеңі аяқталған болатын, қарапайым тәртіпке бағынған сынып бұл сапарға дайын емес болса да, баруға келісті. Сынып жетекшісі барғысы келмейтіндерді міндеттемейтінін жеткізді. Сонымен бірге, бұл жерде мектептің жоспарының орындалғаны емес, картопты дер кезінде жинап алуға көмектесу маңыздылығы басты мақсат екендігін айтты. Сол күні сыныптың барлық оқушылары картоп жинау науқанына келді.
Мәтінге қойылатын сұрақтар
1.Еңбек етуге деген құндылық- бағдарының дайындығына сипаттама беріңіз?
2.Әлеуметтік-педагогикалық әрекет неден басталады?
3.Педагогтың қолданған мотивациялық қызметі несімен ерекшеленеді?
Жағдаят шешімі
1.а) қоғам үшін, басқалар үшін жұмыстың маңыздылығын түсіну;
ә) өз еңбегінің нәтижесінен ләззат алу, жігерлену, құндылықтар көрініс;
б) басқа адамдардың күнделікті еңбегін қадірлеу;
в) еңбек әрекетіне деген мотивациялық күш, жағымды эмоциялық күй.
2.Әлеуметтік-педагогикалық әрекет мақсат қою мен міндеттерді айқындаудан басталады – баланың қарым- қатынасын қалыптастыру, баланың жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу. Қойылған мақсат іс әрекеттің мазмұныны анықтайды, оның жүзеге асырудың формалары өзара қарым- қатынастың қалыптасуына себепші болады.
3.Педагог еңбек әрекетінің мотивациясын қалыптастыруды жүзеге асырады. Мотив – адамның мінез құлқын анықтаушы ішкі және сыртқы факторлар күресі. Жеткіншектің еңбек әрекетін мотивацияландыру түрлі көріністе байқалады: педагогтың басты міндеті баланың мамандық таңдауда өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кәсіби іс әркетте нәтижеге жетудегі тұлғалық мінез бітістерінің қалыптасуына себепші болу. Оқушылардың сана сезіміне құндылықтарға бағдарланған әлеуметтік маңызды жағдайларды қалыптастыру.