Поэма эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені



бет1/10
Дата13.04.2023
өлшемі51,17 Kb.
#174403
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
айсулу б


КІРІСПЕ
«Әдебиет әдістемесі» - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұны қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет қашаннан «өмір оқулығы» деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет – жекелеген ақын қаламгердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады.
Поэма – эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылар мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Мұғалім жоспарды екі түрлі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға алдын ала беріп, сол арқылы поэманың сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады.
Поэманың жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Поэма сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты.
Поэманы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырарда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет