Поэма эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені


Поэма жанры, оның түрлерін, көркемдік жүйесін таныту



бет3/10
Дата13.04.2023
өлшемі51,17 Kb.
#174403
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
айсулу б
1580273442, kontoln e vopros , 2 rubezhn i kontrol, 4-ші сабақ Интернетке деректер жіберу. Жоба құру
1.2. Поэма жанры, оның түрлерін, көркемдік жүйесін таныту.
Поэма – өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса , таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры, оның көркемдік ерекшелігі, тарихи – мәдени және процестегі мәні мен рөлі туралы айтқанда, екі мәселені бөліп алуға болады. Гегель «эстетика туралы дәрістерінде» эпикалық поэзияның мазмұнында жалпы әлем шеңберінде ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады. Осылайша поэма мазмұнына арқау болатын оқиғаның тарихи көлемі анықталады. Гегельдің көзқарасынша эпикалық дүниенің негізі ретінде халықтың рухын көрсететін жалпыхалықтық іс көрінеді. Гегельмен бірге Белинский өзінің белгілі «Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу» деген мақаласында поэмадағы жеке субъектінің рөліне, авторлық басталуға көбірек көңіл бөліп, нақты эстетикалық және тарихи әдеби талдау кезінде, баяндаушының лирикалық тебіренісі, оқиға мен кейіпкерлерге деген қарым-қатынасы, көңіл күйі эпикалық шығармаға үлкен эмоция беретінін айтқан.
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын берумен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден-бірі жетекші салаға жетеді. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көремдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында қара сөзбен жазылған поэмалар да бар.Мәселен, Ғ.Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасын қара сөзбен жазса да, поэма деп атаған.
Поэма – әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Мәселен, Абайдың «Ескендір» поэмасын қарастырып көрейік. Негізінен, Абай поэмаларында қозғалатын жайлар шығыс халықтарының аңыз ертегілерінен алынған. Бұл поэманың сюжеті аңыз түрінде кең таралған. Сондай бір сюжет – Ескендір жайында Науаидің, Фирдоусидің дастандарының желісі. Абай «Ескендір» поэмасына негіз болған оқиғаны әзербайжан классигі Низами дастанынан алғандығы айтылады. Алайда, ақын оқиғаны өзінше құрған. Поэма мәтіні таныстырылғаннан кейін, поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиға қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзқарасы қандай деген мәселелер анықталады. Ол үшін поэма сюжетіне қатысты жоспар құрылады.

Жоспар


  1. Ескендердің жорықтары.

  2. Ескендірдің бұлаққа кездесуі.

  3. Жабық қақпа.

  4. Қақпадан жеткен сый.

  5. Сыйдың сыры.

  6. Ақынның ғибраты





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет