Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға



бет1/3
Дата16.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#165679
  1   2   3
Байланысты:
Ахмет әдеби кеш



«Ахмет Байтұрсынұлы-халық ұстазы» атты әдеби кеш

“Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.


Әбіш Кекілбаев
Кештің барысы:
Абдулазиз: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, еңбегі асыл, білімі зор, ғибраты мол, ұстаздар!
Білім құмар өсер ұрпақ!

Бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына байланысты ұйымдастырылған «Ахмет Байтұрсынұлы-халық ұстазы» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
-Оқушылар, бүгінгі әдеби кешіміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.


Севинч: Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым.
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының“Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.


Абдулазиз : А. Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Торғай қаласында, Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1872 жылы 5қыркүйекте дүниеге келген. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылуға әкеп соғады.


Севинч : Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.


Абдулазиз : А. Байтұрсыновтың «Жұртыма», «Қазақ қалпы», «Туған тілім», «Көк есектерге», «Ау қазақ», «Тілек батам», «Екі шыбын»,. «Туысыма»,«Досыма хат», «Ақын ініме», «Оқуға шақыру», «Анама хат» атты өлеңдері бар.


Ахмет атамыздың өлеңдерін тыңдайық



Абдулазиз: Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Тумысынан ауыз әдебиеті, халық әндері мен күйлерін тыңдап өскен Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар, өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор болған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет