Сыныпты жылқы малына қатысты мақал -мәтелдермен 5 топқа бөлу.
1.Жақсы аттың артынан құнан ереді,
Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.
2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.
3.Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.
4.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.
5.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.
Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады.
massaget.kz/
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
10 минут
20 мин
15 минут
Мағынаны тану
Алдыңғы сабақта алған білімдерін байқау мақсатында ортаға сұрақ
тар тасталады.
Сұрақтар:
1.Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді?
2.Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?
3.І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды?
4.Поэма неше бөлімнен тұрады?
5.Құлагерге өз бағасын берген кім еді?
6.Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады?
7.Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді?
8.Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?
9.Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?
Жауапты тақтаға стикерге жазып, аттың суретінің жанына жапсырады.
Соңғы сұрақты дәптерлеріне 2-3 сөйлеммен жазып, пікірлерін айтады.
Режиссер Болат Мансұровтың"Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі.https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4
https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU
https://www.youtube.com/watch?v=zU0aGwY86l0
Оқушылар жұппен талқылайды.
Тапсырма 1.
Ақан серінің "Құлагер" әнінің мәтінімен танысады.
3 жанрдың көтерген мәселесі мен тақырыбын, көркемдік шеберлігін, жанрлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, сыни көзқараста талдау жасайды. Оны кестеге толтырады. Соңында түйінді ойды бүгінгі өмірмен байланыстырып "Ыстық орындықта" жеткізеді.
ТЖОқушыларға поэмадан үзінділер беріледі.Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданыпқойылым қояды.
Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді.
Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.
Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады.
Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек.
Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды.
‘Ф’жұптық кері байланыс
Тапсырма 3.
Әрбір топ өздеріне берілген поэма үзінділерінен ерекше сөз қолданыстарын тауып, ақынның тіл шеберлігіне талдау бере отырып, стилін анықтайды.
Оқушыларға троп пен фигура туралы әдебиет теориясынан түсінік беріледі.
поэмадағы ерекше сөз қолданысы
ақынның тіл шеберлігіне талдау беру
Ақын стилін бағалау
Теңеу
метафора
кейіптеу
дамыту
арнау
Риторикалық сұрау
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы)
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][
Сөз айшықтарыорыс.фигуры речи— сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігінжиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау,
параллелизм,риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады
АИ6 Поэманы оқыған соң қандай сезім тудырады?
Поэманың құндылығы неде?
Ақын көтерген мәселе өзекті ме?
Сұрақтар арқылы пікірлесе отырып, ақпарат құралдарынан деректер алады.Оны дәлелді оймен қорытындылай отырып, поэманың құндылығын, көркемдігін дәптерлеріне жазады.
РефлексияБүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
АҚАН СЕРІ ӘНІ
Құлагер
Жел соқса қамыс басы майда деймін, Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды, Жығалмаса Құлагер қайда деймін.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің. Атығай Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.
Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][
Сөз айшықтарыорыс.фигуры речи— сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетінсинтаксистікқұрылымдардыңформалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау,параллелизм,риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады.Сөз айшықтарыадамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін,тілбайлығын көрсетеді.[1]