Лексика. Синонимдер. 1- нұсқа



бет1/14
Дата15.05.2020
өлшемі59,1 Kb.
#68578
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
00046d9a-8b5a48d2

Лексика.

Синонимдер.

1- нұсқа.

1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Ж үйрік, қара, қалың.

Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

2. «Оқушы» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.

А) Жазушы В) Ұстаз С) Оқытушы Д) Шәкірт Е) Тәлімгер

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жеңіл, терең, ежелгі В) Өнер, күй, музыка С) Тіршілік, өнер, бақыт Д) Бағыт, бағдар, беталыс Е) Өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет

4. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Ерте В) Орташа С) Жылдам Д) Жақсы Е) Жай

5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар. Е) Жұмысшы, оқушы.

6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз. Е) Үлкен, кіші.

8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.

А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный. Е) Шум, звук.

9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.

А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.

10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп.

Е) Барлық, түгел, ерін.

11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Асау, жуас. В) Аз, көп. С) Мықты, берік. Д) Жоқ, бар. Е) Мықты, бос.

12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көлемі, аумағы. В) Жер, аспан. С) Бес, он. Д) Үлкен, кіші. Е) Тұр, отыр.

13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.

А) Көк, әуе В) Күн, планета С) Дала, жұлдыз, ай Д) Ғарыш, әлем Е) Көгілдір, ашық

14. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Шығыс, кіріс. В)Қорқақ, батыр. С)Қорқыныш, үрей. Д)Кездесу, көріспеу. Е)Шың, шыңырау.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

Елтаңбасы елімнің

Неткен сұлу, әдемі!

А) Неткен әдемі. В) Елтаңбасы елімнің. С) Сұлу, әдемі. Д) Неткен сұлу. Е) Елімнің елтаңбасы.

16. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір. В) Айтылуы бір, мағынасы әр түрлі. С) Тура мағыналы.

Д) Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Е) Ауыспалы мағыналы.

17. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз. В) Қас. С) Үлкен. Д) Бас. Е) Байлық.

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы. В) Әдемі, сұлу, алтын. С) Тақта, орындық , бүгін.

Д) Қараша, қабат, үй. Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

19. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Сұлу, бай, байтақ В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр С) Жақын, шалғай, биік

Д) Алыс, үлкен, кең Е) Таза, терең, мөлдір

20. «Апта» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Жеті күн, жұма В) Кешке, түнде С) Уақыт, ай, күн Д) Ғасыр, дәуір Е) Кеше, бүгін

21. «Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдерді белгілеңіз.

А) Көсем, бедел, ерік. В) Шаруа, жұмысшы. С) Хан, патша, сұлтан. Д) Малшы, егінші.

Е) Батыр, би, әскер.

22. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Орташа, қысқаша В) Арық, толық С) Көңілді, үнемді Д) Жарық, ашық Е) Ақылды, есті

23. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жәрдем, көмек, қолғабыс В) Халық, дәстүр, тарих С) Әділ, ақыл, білім Д) Арық, толық

Е) Парыз, жалақы, қайырым

24. «Уақыт сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең. В) Тиімді, пайдалы. С) Күшті, мықты. Д) Күрес, арпалыс. Е) Әдемі, көркем.

25. «Тілге бай» сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

А) Сөзге жоқ. В) Шешен. С) Тілге кедей. Д) Сөзге шорқақ. Е) Сөзге кедей.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет