Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді



Дата27.12.2022
өлшемі1,39 Mb.
#164715
түріҚұрамы
Байланысты:
sabaq-kz attachment sor.-bzhb-zharatylystanu-3-synyp-1-tosan, 1572452568, "Спорт-денсаулық кепілі" дүниетану 3-сынып

Жазуға үйретудің маңызы
Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.
Бұл жұмыстардың мақсаты – балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады: 1.Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы. 2.Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығу. 3.Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы. 4.Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы. 5.Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес, дұрыс жазылуы. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат – балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі: -Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады. -Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады. -Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді. -Мұғалім партаны аралап жүріп жазу процесін бақылайды. -Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателіктері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық ұстап түзу отыру керек. 
Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немес өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.
Cауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет