Лексика. Синонимдер. 1- нұсқа



бет3/14
Дата15.05.2020
өлшемі59,1 Kb.
#68578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
00046d9a-8b5a48d2
Антонимдер.

1- нұсқа.

1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер. В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа. Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.

2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз В) толық С) кем Д) оңай Е) ұсақ

3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді. В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген. С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген. Д) Оның терезесі шығысқа қараған. Е) Екі қазан орнатылған.

4. Антоним сөзді табыңыз.

А) Қағаз-көмір. В) Ту-жалау. С) Оқушы-шәкірт. Д) Биік-аласа. Е) Ақ-ағаш.

5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) төмен В) ұсақ С) аласа Д) кішкентай Е) қысқа

6. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Тарылту. В) Дамыту. С) Нығайту. Д) Таныту. Е) Қолдау.

7. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Қасқыр, түлкі В)Шығарды, отырды С) Шаңғы, боран Д)Сүйкек, асық Е)Басталды, аяқталды

8. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік В) кең С) ұзын Д) тап Е) аласа

9. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жанды, сөнді. В) Қасиетті, құрметті. С) Үлкен, ұзақ. Д) Әдемі, сұлу. Е) Жаны, қасы.

10. «Батыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дөңгелек. В) Орталық. С) Шығыс. Д) Оңтүстік. Е) Солтүстік.

11. «Арзан» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Тегін В) Қымбат С) Биік Д) Терең Е) Алыс

12. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.

А) кішкентай В) жеңіл С) әлсіз Д) ұсақ Е) аз

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Байтақ, кең. В) Дейін, шейін. С) Бәрі, түгел. Д) Көлемі, аумағы. Е) Таулы, жазық..

14. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, үлкен. В) Биіктен түсті. С) Келе жатыр. Д) Мектеп, дала. Е) Қате, дұрыс.

15. «Жиі» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай. В) Аз. С) Сирек. Д) Ұсақ. Е) Қиын.

16. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Салт, дәстүр. Д) Ата, әке. Е) Үлкен, кіші.

17. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз.

А) Тентек. В) Момын. С) Жайлы. Д) Нәзік. Е) Баяу.

18. Антоним сөзді табыңыз.

А) Көмектесіп жүр. В) Шапшаң, жылдам. С) Соғыс, бейбітшілік. Д) Алысқа кетті.

Е) Шаршап-шалдығу.

19. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) алыс В) кең С) артқа Д) төменге Е) жоғары

20. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дос. В) Жер. С) Жау. Д) Адам. Е) Ер.

21. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Ежелгі, мекен В) Тұрғын, өнер С) Ескерткіш, қоршау Д) Күмбез, ғимарат Е) Келді, кетті

22. «Табу» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) Бар В) Пайда болу С) Әкелу Д) Әкету Е) Жоғалту

23. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көйлек-көншек В) Қисық-қыңыр С) Тамаша-әдемі Д) Шағын-ірі Е) Жоғары-биік

24. «Қиын» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Ұзақ. В) Жақсы. С) Оңай. Д) Аудар. Е) Көн.

25. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жер аттары. В) Жалшы-жақыбай. С) Таласа-тармаса. Д) Тәтті-ащы. Е) Жер-жаһан.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет