Цифровая дидактика indd


Дидактиканың қалыптасу тарихына қысқаша шолу



Pdf көрінісі
бет140/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика
Практика 2
Дидактиканың қалыптасу тарихына қысқаша шолу
дидак-
тиканың өзінің даму бастауында жоғары мектептегі дидактика 
мәселелері тұрғанын көрсетеді. Әдетте, «дидактика» терминін 
алғаш рет неміс гимназиясының өкілі Вольфганг Ратке енгізгенімен, 
классикалық дидактиканың негізін қалаушы Ян Амос Комен-
ский деп тұжырым жасалады. Мүмкін, бұл біраз уақыт аралығында 
жалпы білім беретін мектептегі дидактика мәселелеріне баса назар 
аударылғандықтан болуы мүмкін. 
Бұл жерде Коменскийдің «Didactica Magna» еңбегі шыққаннан бес 
жүз жылдан астам уақыт бұрын, 1120 жылы француз философы Гуго 
Сент-Викторский қайта өрлеу дәуіріндегі жоғары білімді жетілдіру 
үшін іргелі жұмыс ретінде танылған «Didascalicon» атты кітап 
шығарғанын еске түсірген орынды. Бұл кітапта Гуго жоғары білім 
берудегі оқу процесін жоспарлау критерийлерін тұжырымдап, диа-
лектика әдістерін қолдана отырып жүйелі оқыту ережелерін ұсынды. 
Қайта өрлеу дәуірі басқа да үлкен жетістіктермен қатар, жоғары 
білімнің күрт дамуымен сипатталатындығына байланысты білім 
беру проблемаларына назар аударылды: Еуропадағы университеттер 
санының өсуі және сәйкесінше студенттер санының артуы. Сонымен 
қатар, қоғам келесі ұрпаққа берілуі керек әлеуметтік тәжірибе мен 
білімдер жинады. Уақыт өте келе, бір жағынан, қоғамдық тәжірибе мен 
әлеуметтік білімнің өсіп келе жатқан көлемі мен екінші жағынан, оны 
жаңа ұрпаққа беру тәсілдерінің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылық 


242
 
 

қоғамдық дамуға кедергі бола бастады. Бұл қарама-қайшылық қайта 
өрлеу дәуіріндегі жоғары білімнің дамуымен қатар Гуго мен оның 
әріптестерінің XII ғасырдағы оқыту мен сабақ беру мәселелерін зерт-
теуге деген қызығушылығын арттырды.
XVI ғасырда француз философы, Париж университетінің профес-
соры Пьер де ла Рами (латын транскрипциясында – Петр Рамус) және 
оның серіктері, гуманистер Рудольф Агрикола мен Филип Мелан-
хтон өз ісін Гугоның ізімен жалғастыра жүргізді. Бұл гуманистердің 
жұмысы дидактиканың одан әрі қалыптасуы үшін өте маңызды 
болды: ежелгі грек диалектикасы тұжырымдамасы біртіндеп оқыту 
өнеріне айналды. Меланштон: «Диалектика – бұл дұрыс, жүйелі 
және түсінікті оқыту тәсілі» деп жазды. Рами бұл идеяны қысқаша 
«диалектика – бұл оқыту өнері»деп тұжырымдады. Рамидің жаңа 
табиғат пен диалектиканың оқытудағы рөлі туралы көзқарастары 
дидактиканың өзіндік бастауы болды. Басқаша айтқанда, белгілі 
бір тарихи дәлдікпен дидактика диалектикадан шыққан деп айтуға 
болады. XVI ғасырдағы француз гуманисті Пьер де ла Рами мен оның 
пікірлестері көзқарастарының бүкіл Еуропаға таралғанын ескере оты-
рып (Хотсон, 1994), бұл прогрессивті көзқарастар басқа еуропалық 
ғалымдардың, соның ішінде Вольфганг Раткенің санасына оң әсер 
еткеніне күмән жоқ. Оның ықпалды әріптестері Юнге мен Хельвигтің 
қолдауымен 1612-13 жылдары Ратке «дидактика оқытудың жаңа 
өнері ретінде» бастамасын көтеріп, Гессен университетінің Ғылыми 
кеңесінің мақұлдауына ие болды. Тек XVII ғасырдың ортасында Чех 
ағартушысы, гуманист және зияткер Ян Амос Коменский дидак-
тиканы өзінің «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқытудың негізгі 
принциптері мен нормаларын алға тарта отырып, білім жүйесі ретінде 
ұсынды. Коменскийден кейінгі дидактиканың тарихы педагогика 
тарихы туралы әдебиетте жақсы қамтылған.
Цифрлық дидактиканың пәні мен обектісін анықтау кезінде әр 
түрлі зерттеушілер дидактиканың пәні ретінде мыналарды бөліп 
көрсетініне назар аудару керек: оқыту білім беру мен тәрбие құралы 
ретінде; оқытудың заңдылықтары мен принциптері, оның мақсаттары, 
білім беру мазмұнының ғылыми негіздері, оқыту әдістері, форма-
лары, құралдары; Оқыту мен оқытудың олардың бірлігіндегі өзара 
әрекеттесуі және т.б. Кейбіреулер дидактиканың пәні тек оқыту – 
оқу процесінің өзі ғана емес, сонымен қатар оның ағымына қажетті 
жағдайлар (мазмұны, ұйымдастырылуы, құралдары және т.б.), 


243
сондай-ақ осы жағдайларды жүзеге асырудың әртүрлі салыстырмалы 
тұрақты нәтижелері деп санайды.
Аталған ғылыми пәннің зерттеу пәні анықтамаларының мұндай 
көп болуы бұл ғылымның «объектісі» және «пәні» әдіснамалық 
санаттарының ажыратылмауымен түсіндіріледі. Көбінесе дидак-
тикалық талдауға не түссе сол ғана белгіленеді, яғни, әртүрлі зерттеу 
объектілері жіктелінеді. Егер біз осы анықтамалардың барлығын бірге 
қосып қарастырсақ, дидактика оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, 
заңдылықтарын, әдістері мен принциптерін зерттейтіндігін байқауға 
болады.
Мұндай ұқсас жалпыланған анықтамамен дидактикалық зерт-
теулер бағытталған объект саласы қамтылған. Бұл анықтама 
дидактиканың не зерттейтіні туралы түсініктер береді, бірақ мұнымен 
тек дидактика ғана айналыспайды ғой. Оқыту мақсатында қоғамның 
білім беру саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстары, оның білімге 
қойылатын талаптары жинақтала тұжырымдалып, іске асырылады; 
олар осы талаптар тұрғысынан адам нені білуі және жасай білуі керек 
деген сұраққа жауап береді.
Цифрлық дидактика білім беру мақсаттарын цифрлық оқыту 
жағдайларына сәйкес педагогика тіліне аударады. Мұндай мақсат-
тарды анықтауға және қалыптастыруға тек дидактика ғана емес, 
сонымен қатар басқа: философия, әлеуметтану, психология және 
т.б. ғылымдар да қатысады. Сонымен қатар, оқытуда дидактикалық 
заңдылықтар ғана емес, мысалы, психологиялық, физиологиялық 
заңдылықтарда жұмыс істейді. Ақпарат айналымының ең көп таралған 
заңдылықтарын информатика, кибернетика, синергетика зерттейді; 
оқыту принциптері көптеген ғылымдардың оқыту құбылыстарын 
зерттеулер негізінде тұжырымдалады.
Егер біз, тек цифрлық дидактиканың ғана немен айналысатынын 
анықтағымыз келсе, одан әрі қарай жүруіміз керек: цифрлық оқыту 
сияқты үлкен және күрделі объектінің жеке бөліктері дидактикалық 
ұғымдар жүйесінде олардың бірлігі мен өзара байланыс негізінде 
анықталуы қажет. Ол үшін оқытуды ерекше, дидактикалық тұрғыдан 
қарастыру керек.
Бұл ретте педагогикада жинақталған оқыту туралы барлық 
білімдерді ескеру, цифрлық дидактиканың қазіргі заманғы ғылыми 
деңгейін, оның функцияларын, мүмкіндіктерін, ең бастысы – 
оқытудың цифрлық практикасын ғылыми негіздеу міндетін, яғни 
цифрлық оқыту процесіндегі педагогтің практикалық қызметін 


244
 
 

айқындау қажет. Сонда ғана біз, мұндай зерттеу жұмысын бір 
бағытқа бағыттауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, бұл жұмыс бір 
уақытта педагогика ғылымын толықтыра алатындай және цифрлық 
педагогикалық практиканы дұрыс ұйымдастыруға көмектесетіндей 
цифрлық дидактика пәні туралы мағлұматтар ала аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет