371
студенттер үшін экскурсия маршруты - сайттарға нұсқаулық жасайды
(бұл URL мекенжайларының тізімі болуы мүмкін). Экскурсияның
бағыты келесідей жасалынған: оқытушы оқушылар қай парақтарды
және қандай тізбекте қарау керектігін таңдайды.
3. Мәселелер тұжырымдалады, білім алушыларрдың сабақта
шешуі қажет міндеттер анықталады (қандай нысандарға ерекше назар
аудару керек, студенттер қандай бақылаулар жасауы керек).
4. Есеп нысандары немесе экскурсия нәтижелерін көрнекі түрде
рәсімдеу анықталады.
Виртуалды экскурсияға дайындық кезінде оқытушы компьютерде
жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормаларын қатаң сақтауы
керек, интернетте орналастырылған ақпараттың стихиясы мен
бақыланбауын ескеруі керек.
Оқытушы виртуалды экскурсияға дайындық қарсаңында емес, кем
дегенде бірнеше күн бұрын дайындалады. Өйткені экскурсия кезінде
бөлінген арна арқылы ақпарат берудің төмен жылдамдығы немесе
жұмысты тоқтату немесе, керісінше, сілтеме берілген сайтты немесе
бетті жаңарту секілді күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
Виртуалды экскурсия – пәндік білім алуға ғана емес, сонымен қатар
білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу
іс-әрекетінің инновациялық түрі: назар, қабылдау, байқау, ойлау, қиял.
Экскурсияның көмегімен сіз алынған мамандықтың ерекшеліктерін
нақты көрсете аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: