Ұйымдастырылған оқу қызметтері
|
09.15-10:15
|
1. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бөлме гүлдері»
Мақсаты: Тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту.
Дид-қ ойын: «Жеті қазына»
Шарты: Қоржыннан түрлі- түске боялған асықтарды, балалар бір- бірден шығып, алады. Қандай түсті алса тура сол түсті гүлдің шоғырын алып, оның ішіндегі суретін атап әңгімелейді.
Әңгімелеп болған соң, тақтаға іледі.
Көрнекілігі:. Бөлме гүлдері.Слайд көрсету.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Қостілділік:
гүл-цветы. Бөлме гүлдері- комнатные цветы
Ғажайып сәт:Есікті тақылдатып Буратино келеді, қолында жасанды гүл бар. Балалар біз Буратиноға бөлме гүлдері туралы айтып берейік.
Барысы: Бөлме гүлдері туралы слайд көрсету. Суретке қарап бөлме гүлдері түрлерімен таныстыру. Гүлдің бөліктерін атай білу дағдыларын қалыптастыру
Гүлдер туралы тақпақтар.
Ұмытпай күнде су құям гүлге
Тұрады гүлім құлпыртып түрін
Үйде тұрып өсетін
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да
Отырғыздым қалбырға
|