2.Дене шынықтыру. Педагогтың жоспары бойынша.
3.Сурет салу.Тақырыбы: Қуыршаққа арналған сақина. Мақсаты:Балаларды сақинаның дөңгелекке ұқсастығын тауып, соны сала білуге жаттықтыру. Сақинаны салуды бояуды сызықтың шеттеріне шығармай бояуды үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:1.Тосын сәт.Қуыршақ Сәуле келеді.2. Балалар қуыршақтың қолдарыңда не бар?Д/О «Домалақ заттарды ата»3.Сұрақ қою.Балалар,сақинаның пішіні қандай?-Түсі қандай?Сақинаны кімдер тағады? Не үшін?4.Сурет салудың әдіс тәсілдерін көрсету,түсіндіру.5.Сергіту сәті. Сыңғыр-сыңғыр сырғалар, Құлағымда ырғалар. Оң қолымда білезік Сол қолымда білезік, Саусақтарда сақина Сана ,салып ақылға.
6.Қорытынды.