1.Жаратылыстану. Тақырыбы:Күз сыйы.Мақсаты:Көкөністерді, жемістер мен саңырауқұлақтарды жинау туралы түсінік беру, олармен ойыншықтарды қоректендіруді үйрету (куыршақты жемістермен, қоянды сәбізбен)
Әдіс-тәсілі:
1.Суретпен жұмыс. Күз мезгілі2.Тосын сәт.Кірпі келеді.(қолында себет бар) 3.Дидактикалық ойын:«Көкөніс пе, жеміс пе?».4.Сергіту сәті.Алма баққа барайық,Алма теріп алайық.Ең үлкенін Әжемізге сыйлайық.5.Дидактикалық ойын:Ойыншықтарымызды тамақтандырайық.6.Қоштасу.Балаларды мадақтау.
2.Музыка.Педагогтың жоспары бойынша.
|
1.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Қуыршағым (жаттау) Мақсаты:Өзінің сүйікті ойыншығы туралы әңгімелету. Балаларды қуыршақпен жан-жақты таныстырып,өлең жаттау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:1.Әңгімелесу:Сұрақ қою. –Балалар ,сендер ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?-Қандай ойыншықпен ойнайсыңдар?-Ойыншықты қалай ұстау керек?2.Тосын сәт. Қорап әкеледі.(ішінде қуыршақ бар)Таң қалу.Енді Айсұлу қуыршағымызға тоқталайық.- Айсұлу сендерге ұнады ма? Несі ұнады?Шашы қандай?3.Тақпақ:«Қуыршақ»
Апам маған дүкеннен,
Бір қуыршақ әкелді.
Ерегіспес үлкенмен,
Мазақтамас бөпемді.
Ойнатамын оны мен,
Жылатпаймын түртіп те.
Ең жақсысы менімен
Таласпайды кәмпитке.
Балаларға өлеңді оқып беру, мазмұнын түсіндіру.Балаларға өлеңді жеке – жеке қайталатып айтқызу.4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қане қанат жаяйық,
Қарлығашқа ұқсайық,
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық5. Дидактикалық ойын: «Қуыршақпен туған күн тойлаймыз».
Ойын шарты: Жақсы тілектер айтқызу,дастырқанда дұрыс отыруды , бір – біріне сыйластық, қайырымдылық дағдыларын қалыптастыру.6.Қортынды. Айсұлу қуыршақпен қоштасу. Балаларды мадақтау.
2.Құрастыру Тақырыбы.Дидактикалық ойын.«Қуыршаққа көмктесейік»Мақсаты:Құрылыс материалдарынан орындық пен диван құрастыра білуге үйрету, оларды құрастыруда ойланып, айырмашылығына мән бере білу, үй жиһаздарына ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:(керек заттар.Жиһаздар суреті)1.Суретпен жұмыс.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар. Дұрыс бұл заттарды жиһаз деп атаймыз.Қайталату. (Жиһаз)2.Тосын сәт. (Мұңайып қуыршақ келеді.)Сұрақ қою. Әдемі бөлме жасап берейік.-Балалар, аналарыңыз жиһазды қайдан сатып алады?Олай болса дүкенге барайық.3.Құрастырудың әдіс тәсілдерінкөрстеу,түсіндіру. Текшелердің көмегімен үстел,орындық құрастырамыз.4.Сергіту сәті
Оңға қарай бір қадам ,
Солға қарай бір қадам.
Отырамыз , тұрамыз,
Жәй жүгіріп аламыз. 5.Жұмыстарын аяқтау.Қуыршақпен қоштасу.Балаларды мадақтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |