Серуен
|
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.
«Солып қалған гүлдерді бақылау»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту.Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы әңгімелеу.
Еңбек: Қурап қалған гүлдердің тұқымдарын жинау.
Қимылды ойындар: «Абай бол»,« Өзгеге көмектес»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
|
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, гигиеналық іс-шаралар
|
Түскі ас
|
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
|
Түскі ұйқы
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
|
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.
Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау. Жаттығу орындату.
|
Бесін ас
|
Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
|
Ойындар, дербес әрекет
|
Дидактикалық ойын
«Қуыршақты ұйықтатамыз»
|
Сөздік ойын
« Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген»
Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері жөніндегі білімдерін бекіту, балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.
|
|