Балалардың киімдерін реттілікпен шешуі, гигиеналық шараларды ұйымдастыру.
Түскі ас
11.50-12.30
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Түскі ұйқы
12.30-13.00
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
15.00-15.30
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Бесін ас
15.40-16.00
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекеттер
16.00-16.20
Ойын: «Танып ал да, атын ата»
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Сюжетті-рөлдік ойын: «Шаштараз»
Мақсаты:
Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.