Не артық?
Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды қолдану барысында кеткен қателіктерді байқауға үйрету; байқағыштық, қалжыңдау, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге тәрбиелеу; еңбек құралдарын есте сақтауын дамыту.
|
Бұл қай кезде болады?
Дидактикалық міндет. Балалардың тәулік мезгілдері туралы білімдерін нығайту; оларға тәуліктің таңертең, күндіз, кеш, түн тәрізді мезгілдерінің суреті бейнеленген кепе қағазын көрсету арқылы үйрету
|
Мұны қайдан сатып алуға болады?
Дидактикалық міндет. Балалардың әр түрлі дүкендерде сатылатын алуан түрлі тауарлар жайынды білімдерін нығайту, мәселен, азық-түлік, тұрмыстық, кітап дүкендері (әр түрлі азық-түлік дүкендері болады: «Көкөніс-жеміс», «Нан», «Сүт тағамдары»; «Аяқ киім», «Киім», «Маталар», «Балалар әлем», «Спорт киімдері»); дүкендерді ажырата білуге, ата-аналарымен бірге сауда жасауға тәрбиелеу.
|