Дене шынықтыру
Мұғалімнің жоспары бойынша
2.Сөйлеуді дамыту
Көмектесе білейік.
Көмек түрлері, қайырымды істердің және олардың қажеттілігі туралы түсінік беру. Суретке қарап әңгімеге қатысу жəне тілді түсіну, тыңдау біліктерін жетілдіру. Көмектесудің және алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру (жарақаттану т.б).
3. АППЛИКАЦИЯ
Анама көмектесемін
Банкадағы қияр мен қызанақты қиып жапсыру. Дөңгелектерді жəне сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеу. Желімді, сүлгіні дұрыс қолдану.
|
Дене шынықтыру
Мұғалімнің жоспары бойынша
2. ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Қалтауыз
Қалтауызбен таныстыра отырып немен қоректенетіні, тамақтандыру реті туралы түсінік беру. Табиғат бұрышын мекендеуші жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау және күтім жасауға арналған құралдар туралы білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғат бұрышындағы еңбек түрлерін атқару барысында құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату белсенділіктерін қолдау.
|
ҚМҰҚ
5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту. Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу).
СУРЕТ
Ертегілер еліне саяхат
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру. Балалардың дербес тəжірибелік əрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту
|