Мүсіндеу.
Тақырыбы: Терезе алдындағы әдемі гүлдер.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту. Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бөлме гүлідерін мүсіндей білуге үйрету.
Саусақ бұлшықеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, гүлдерді аялай білуге, жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу.
|
Білім саласы: Таным.
Тақырыбы:«Жиын. Біреу-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.
Мақсаты: Заттарды жалпы қасиеті бойынша топтастыру»
«Үлкен-кіші», «көп-бір»ұғымдарымен таныстыру.Бөлшектер-ден бүтін жасауды үйрету. Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру.Дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру, балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту. Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Білім саласы: Коммуникация
Логика лайк
Тақырыбы: Қызыл кітаппен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың Қызыл кітап туралы түсініктерін қалыптастыру. Жануарлардың жойылып кету себептерін түсіндіру. Оларды қорғау жолдарымен таныстыру.Өз елінің жануарлары, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Оларды қорғау үшін адамдардың не істеу керектігі жөніндегі білімдерін дамыту. Туған жерінің табиғатына деген жауапкершілік сезімдерін арттыру.
Білім саласы: Шығар-қ Аппликация
Тақырыбы: Кілемді әшекейлейміз.
Мақсаты: Түстерді сәйкестендіріп сәндеу техникасы бойынша кілемді әшекейлеуді үйрету. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтау, ұқыпты жапсыруға үйрету. Ұсақ саусақ моторикасын дамыта отырып, өнерге баулу.Достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
|