Музыка.
Тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі»
Мақсаты: Астананың жарқын келбетін музыка арқылы жеткізу.Бас қалаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Музыка ырғағын сезіну, түрлі сипатын ажырата білу.
Әуенді ырғақты қимыл: «Жалаушамен би»
Музыка тыңдау: «Қазақстан жалауы» Д.Омаров
Ән айту: «Елтаңбасы елімнің» Д.Омаров
Ойын ойнату: «Қандай ырғақ?»
Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Менің туған өлкем
Мақсаты:Туған өлке туралы түсінік беру.Өздерінің туған өлкелері туралы әңгімелеп айтуға үйрету.Сөйлеу тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Туған жерінің байлығын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Жаратылыстану.
Тақырыбы: Астанам – бас қалам.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қиялын ұштау. Отан, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру,өз елін , Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Бір-біріне қарама қарсы жүру.
Мақсаты: Гимнастикалық орындық үстімен бір –біріне қарама –қарсы жүру, отыру, екі жаққа жүру.
Өзін-өзі тану. Тақырыбы: «Менің үйдегі достарым»
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру. Үй жануарлары-на қамқорлық көрсету туралы түсінік беру. Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Жануарларға қамқорлық-пен қарауға тәрбиелеу.
Сурет
Тақырыбы: Астана-Бәйтерек.
Мақсаты: Астананың көрікті орындары жайлы түсініктерін кеңейту және Бәйтеректің суретін сала білу дағдыларын қалыптастыру. Бейнені шығармашылықпен сала білуге үйрету.Түстерді үйлестіру дағдыларын жетілдіру. Ел ордасы Астанаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
|