Циклограмма Бір аптаға (2-6 қыркүйек 2019 ж) i-апта «Ақкөгершін» мектепалды даярлау тобы. Өтпелі тақырып: «Балабақша» Апталық тақырып: «Менің балабақшам»



бет71/98
Дата08.11.2022
өлшемі269,19 Kb.
#157063
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98
Байланысты:
мектепалды даярлау циклограмма

Д/о:«Пішіндерді тап»
Мақсаты:

Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеуді бекіту.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-ған оқу қызметі.

Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:
Қыс қызығы.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.Сурет бойынша балаларға әңгіме құрастыруға білуді қалыптастыру. Өз ойын жеткізе білуге,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға,байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі
Тақырыбы:
«Winter is white»
Мақсаты:Балаларды «What is your favourite season?» сұрағын қоя білуге, оған жауап бере білуге үйрету. Қабылдауын, зейінін және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Дене шынықтыру.
Тақырыбы:
Секіргіш доппен секіру.
Мақсаты: Секіргіш доппен секіруді үйрету.
Мүсіндеу
Тақырыбы:
Шана.
Мақсаты: Қысқы табиғат әсемдігін сезініп, шананы мүсіндей білуге үйрету. Ұсақ қол қимылдарын дамыту, түстерді сәйкес дұрыс таңдау, іскерлік дағдыларын жетілдіру.Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, әңгімелей білу дағдысын арттыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



ҚМТҚ.
Тақырыбы: Салмақ.Ауыр-жеңіл.Заттарды өлшеу туралы түсінік.
Мақсаты: Заттың салмағы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру. Заттарды «ауыр-жеңіл» сөздерін пайдалана отырып салыстыруды үйрету. Заттарды қолмен салыстырып, олардың салмағын көлеміне қарай анықтауды үйрету.
Логика Лайк (в)
Тақырыбы:
Еуропалық қара күзен.
Мақсаты
:Балаларды Қызыл кітаптағы жойылу қаупі төніп тұрған– еуропалық қара күзенмен таныстыру. Жануарлар әлемінде жақсысы немесе зияндысы болмайтынын түсіндіру, олардың барлығы қоршаған әлем үшін маңызды екендігін ұғындыру. Зейіндерін, жадын, қабылдау қабілеттерін дамыту. Қызыл кітапқа енген жойылып бара жатқан жануарлар түрлеріне деген қамқорлық көзқарасты тәрбиелеу.
Аппликация
Тақырыбы:
Қысқы орман
Мақсаты: Бейнелерді жырту әдісі арқылы жасауға үйрету. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, суретке қарап шағын әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін дамыту, саусақ қимылдарын жетілдіру, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет