Серуен
|
Бақылау: Қылқан жапырақты ағаштарды бақылау.
Қ/о: «Аяз ата- шыршалар»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.Дене бұлшықетін дамыту. Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.
Еңбек әрекеті: Сынған бұталарды жинау.Ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.
Қ/о: «Жапалақтар»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту,балалардың дене қимылдарын жетілдіру. Ептілікке, шапшаңдыққа,қызыға ойнауға баулу.Күн мен түн мерзімдерін ажырата алуға тәрбиелеу.
|
Бақылау: бұлтты бақылау.
Қ/о: «Жаяу көкпар»
Мақсаты: Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Еңбек әрекеті:қардан ойынға түрлі заттар құрастыру.
Қ/ ойын: «Аттамақ».
Мақсаты:Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.
|
Бақылау: Қар тазалайтын машинаны бақылау.
Қ/о: «Таяқшаны лақтыру»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Еңбек әрекеті: Өз беттерінше тапсырмалар орындату.
Қ/о: «Аттар»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту.Жарыса ойнауға, ұлтық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Бақылау: Көшені бақылау.
Қ/о:«Бос орын»
Балалардың шапшаңдық, күштілік, ойлай білу қабілеттерін дамыту. Ұжым болып ойнай білуге тәрбиелеу.
Еңбек әрекеті: Үлескідегі заттарды қардан тазалау.
Қ/о: «Поезд»
Мақсаты: Балалардың бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл күйін көтеру.Ептілікке, шапшаңдыққа, ойынға белсенділіктерін арттыру.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
|
Бақылау: Қардағы іздерді бақылау.
Қ/о: «Нысана»
Мақсаты: Нысанаға оң және сол қолымен көздеп лақтыру.Тез шапшаң қимылдауға үйрету.
Қ/о: «Ақ серек көк серек»
Мақсаты: «Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.Ұжымда ойнауға тәрбиелеу.
|