Циклограмма Бір аптаға (2-6 қыркүйек 2019 ж) i-апта «Ақкөгершін» мектепалды даярлау тобы. Өтпелі тақырып: «Балабақша» Апталық тақырып: «Менің балабақшам»



бет42/98
Дата08.11.2022
өлшемі269,19 Kb.
#157063
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
мектепалды даярлау циклограмма

Ағылшын тілі
Тақырыбы
: «My Kazakhstan»
Мақсаты:Балаларды жаңа сөздермен таныстырып, «Where are you from?» сұрағын қоя білуге, оған жауап бере білуге үйрету: «I’m from Kazakhstan. I’m Kazakh.». Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
Тақырыбы:
Доға астымен өту.
Мақсаты: Доға астымен әртүрлі қалыпта өтуді үйрету.
Мүсіндеу
Тақырыбы:
Бәйтерек.
Мақсаты: Кесек ермексаздан Бәйтерек бейнесін мүсіндеуді үйрету.Мүсіндеудің шымшу, есу, басу,тегістеу тәсілдеріне жаттықтыру.Көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту.Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



ҚМТҚ.
Тақырыбы: Үсті-асты. Ішінде-сыртында. Алдында-артында.Оң жақ-сол жақ.
Мақсаты: Балаларды «Қай жерде тұр?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік қатынастарын анықтауға(үсті-асты. Ішінде-сыртында. Алдында-артында.Оң жақ-сол жақ.) үйрету. Қағаз бетінде бағдарлау қабілетін қалыптастыру. Балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікте ойлау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, қолындағы затты орнына қоюға тәрбиелеу.
Логика Лайк (в)
Тақырыбы:Тау барысы.
Мақсаты:Биік тауларпда мекендейтін сымбатты жыртқыш аң- тау барысы туралы балаларға түсінік беру. Қар барысының таралу ауқымы мен саны азая бастауына байланысты сирек түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына тіркелгені жөнінде түсінік беру. Барыс жануарының тіршілігі, қорегі туралы түсініктерін қалыптастыру. Барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұта, балаларды батылдыққа тәрбиелеу. Табиғатқа және жануарлар тіршілігіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Аппликация
Тақырыбы:
Көшедегі үйлер.
Мақсаты: Ұжымдық жұмыс дағдысын қалыптастыру, көп қабатты және бір қабатты үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра білуге үйрету. Архитектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен жапсыру қабілеттерін дамыту. Балалардың үй туралы, оның түрлері туралы ой-өиялдарын жетілдіру, шығармашылыққа тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет