Серуен
|
Қардың қалыңдығын , терңдігін бақылау.
Мақсаты:Балалардың назарын үлескіге үйілген омбы қарға аудару.Балаларға қардың тереңдігін анықтауға ұсыныс беру.
Қимылды ойын: «Қызыл аяз». Балаларды алаңның қарсым жағына жүгіруге, жүргізушіден қашуды, ойын ережесін орындауға үйрету.Ойын кезінде достыққа, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.
|
Көктайғақты бақылау..
Қ/ о:«Ұзын жолмен»
Мақсаты. Балалардың дене қимылдарын, бұлшықеттерін жетілдіру.Ептіліке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу.
Дид ойын: Тәжірибе және эксперимент «Өлі табиғаттағы қыс мезгілінің құбылыстарын ата». Табиғаттағы құбылыстар туралы білімдерін тиянақтау.
Еңбек әрекеті: Көктайғаққа құм себу.
|
Ағаштардағы қырауды бақылау.
Мақсаты:Қырау және оның пайда болғаны туралы түсінік беру.Табиғаттағы қысқы құбылыстарды көруге, жауған ұлпа қардан әсемділігінен таңғалуға тәрбиелеу..
Қ/о: «Бірінші бол».
Мақсаты: Белгі бойынша әрекет жасауға үйрету.Ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Дид ойын: Тәжірибе және эксперимент
Күн шыққанда қырау басқан
Ағашқа қарау.Қырау күннің көзіне жылтырлайды.
Еңбек әрекеті: Су құю үшін қарды дайындау.Ұжымдық жұмысқа қатысу дағдысын қалыптастыру.
|
Терезе ою- өрнегін бақылау.
Мақсаты: Терезе әйнегіндегі ою-өрнектің пайда болуын түсіндіру.Судың жылы буы салқын терезе әйнегіне тиіп кішкентай мұзға айналып, бір-бірімен қосылып, әйнектегі көрінбейтін сызықтарға ілінеді,әйнекте сиқырлы ою-өрнектер пайда болады.
Қ/о: «Қасқұлақ». Балаларды тез жүгіруге үйрету, шапшаңдыққа , ептілікке тәрбиелеу.
Дид ойын: Тәжірибе және эксперимент. «Терезе әйнегінде қыс мезгілінің ертегісі». Балаларды қысқа ертегі құрастыруға үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
|
Боранды бақылау .
Мақсаты: Боран туралы білімдерін тиянақтау.
Қ/о: ««Қарлы әткеншек».
Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Дид .ойын: Тәжірибе эксперимент. Анықтау:неге аула , ойын алаңында қар жиналған.Жел аула іші ойын алаңына қарай соқты.
Еңбек әрекеті: Балаларды жолды қажет кезінде қардан тазалауға дағдыландыру.
|