Ағаштарға бақылау жасау Бақылау Балалармен бірге ауладағы ағашты қарау: ағаштың бүрлерінің астынан кішкентай жапырақ өскіндері өсіп келе жатқанын бақылау..Табиғаттан алған әсерлерін қуанышты көңіл-күйлерін білдіре білу Қимылды ойын «Ағаштан ағашқа» Алға жылжу арқылы қос аяқтап секіре білуді бекіту.(кімде-кім аз секірсе сол,жеңімпаз)ойын барысында ойынды әділ бағалауға үйрету. Ойын барысында жолдастарымен ақылдаса білуді дамыу
Еңбек іс-әрекеті Бұтақты кесуден кейінгі қалдықты жинау. Еңбек нәтижесін көру,топқа бірнеше бұтақты жинап әкеп,келесі бақылауды ұйымдастыру.
Серуеннен оралу
Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау
Түскі ас
Ас мәзірімен таныстыру.Түзу дұрыс отыруын қадағалау.Қасықты оң қолға, нанды сол қолға ұстауды үйрету. Тамақ үстінде жан жағына қарамай дұрыс және сөйлемей отыруға,.рахмет айтуға үйрету.
Түскі ұйқы
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Бесін ас
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс