Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Бақылау:Бұлтты бақылау
Мақсаты: Балаларға бұлттың неге ұқсайтынын қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.
Еңбек: Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату
Қимылды ойындар: «Ақ қоян», «Көктемгі тіршілік» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттер
Баларға әр түрлі қимылда жаттығулар жасату, шынықтыру жұмыстарын жүргізу
Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
«Суреттерді сөйлетеміз»
Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.
Дидактикалық ойын «Кел,санайық!»
Мақсаты: баланың ой-өрісін шапшаң ойлауға дағдыландыру.
Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);
Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.
«Серпілген сауал» әдісімен жыл мезгілі туралы сұрақтар қойып, жауап алу мақсатында ойын жинақтауға жағдай жасау.
Мақсаты:қойылған сұрақтарға толық жауап алу үшін ойландыру, үйрету.
«Кім тапқыр?
Мақсаты: ым- ишара арқылы жан- жануарларды тану.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу
Жыл мезгілі туралы әңгімелесу «Көктем»(сурет қарастыру)
Мақсаты: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Дидактикалық ойын «Дастархан басында қалай отыру керек?»
Мақсаты: баланың сөздік қорын дамыту мақсатында әдептілікке баулу, дастархан әдебін үйрету.
.
«Серпілген сауал» әдісімен жыл мезгілі туралы сұрақтар қойып, жауап алу мақсатында ойын жинақтауға жағдай жасау.
Мақсаты:қойылған сұрақтарға толық жауап алу үшін ойландыру, үйрету.